Сотталғандармен психологиялық жұмыс: қорқыныштың алдын алу сессиясы

Абай облысындағы №21 мекемеде сотталған азаматтармен психологиялық қолдау жұмыстары жалғасуда. Жуырда мекеменің психолог инспекторы Оразбаева Әсемгүл Оралбекқызы сотталғандар арасында метафорикалық карталар арқылы арнайы сессия өткізді.

Бұл шараның басты мақсаты – бостандыққа шыққаннан кейінгі қорқынышты азайту және қоғамға бейімделу процесін жеңілдету. Психологиялық тренингке 2 жасақтан қатысушылар тартылды.

Сессия барысында метафорикалық карталар әдісі қолданылып, әр сотталған өз сезімдері мен ішкі күйін ашық жеткізе алды. Бұл әдіс адамның ішкі қорқыныштарын, күмәндері мен уайымдарын анықтап, оларды жеңу жолдарын іздеуге көмектеседі.

Инспектор Оразбаева Әсемгүлдің айтуынша, мұндай кездесулердің маңызы зор:

«Әр сотталған үшін еркіндікке шығу – үлкен сынақ. Қоғамға қайта бейімделу барысында қорқыныш, белгісіздік сезімі туындайды. Біз осындай тренингтер арқылы олардың сенімін арттырып, болашаққа оң көзқараспен қарауына ықпал етеміз», – дейді маман.

Жалпы, психологиялық қолдау бағдарламалары мекемедегі тәрбиелік жұмыстардың маңызды бөлігі болып саналады. Осындай сессиялар сотталғандардың бойында сенімділік пен жауапкершілікті нығайтып, еркіндікке шыққаннан кейін жаңа өмір бастауына психологиялық тұрғыда дайындық жүргізеді.

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде үстел теннисінен турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты қауіпсіздігі барынша жоғары...

Абай облысы бойынша ҚАЖД-ның максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар арасында шахмат турнирі өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде сотталғандар...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай прошёл шахматный турнир среди осуждённых

В учреждении максимальной безопасности уголовно-исполнительной системы по области Абай...