Сотта тәртіп сақтау баршаға міндет

Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы «Тәртіп – жауынгердің бірінші қаруы» немесе «Тәрбиелі – тәртіптің құлы» деді. Яғни, адамның тәрбиесі тәртібінен көрінеді. Бұлай деп отырғанымыз, кез келген тәртіп бұзушы әрекетіне қарай жауапкершілік арқалайды. Ал сот залында тәртіп бұзып, құрметтемегендер жауапкершілігі Азаматтық процестік кодекстің (АПК) 119-бабында көрсетілген.

Сотқа құрметтемеушілік білдіргендер үшін жауаптылық шаралары баршаның сот алдындағы теңдігі мен конституциялық қағидатын және сот төрелігінің міндеттерін іске асыру мақсатында қолданылады. Бұдан әрі нақтыласақ, сотқа құрмет танытпағандар осы тарауда белгіленген ерекшеліктермен ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартылады.

 Сот отырысында тәртіп бұзушының әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болған жағдайда ол адам қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Заң талабына бағынбағандарғау, яғни, оған қарсы жасалған әрекет пен әрекетсіздік үшін мәжбүрлеу шарасының немесе жауаптылықтың бір түрі ғана қолданылады.

Сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін жауапқа тарту тәртібі АПК-нің 120-бабымен нақтыланған. Егер сот отырысында сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі анықталса, бұл туралы процесті жүргізіп отырған судья (сот құрамы) дереу жариялайды және ол сот отырысының хаттамасына тіркеледі. Айтып өтерлігі, бұл ретте әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды.

Өзіне қатысты сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі анықталған адам, сондай-ақ,  істің өзге де қатысушылары түсініктемелерін беруге құқылы. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы сот отырысы біткеннен кейін  дайындалады. Оған қаулыны дайындаған іске төрағалық етуші судья,  (сот құрамы) қол қояды.

 Сотқа құрметтемеушілік сот отырысында көрсетіліп, тәртіп бұзушы залынан шығып кеткен, сондай-ақ, соттан тыс сот отырысына келуден жалтарған жағдайда сот приставы немесе соттың өзге жұмыскері сот төрағасының немесе сот отырысына төрағалық етушінің ауызша өкімімен құқық бұзушылық туралы хаттама жасайды. Хаттамада тәртіп бұзуышының іс-әрекеті көрсетіледі.

Құқық бұзушылық туралы хаттама осы баптың төртінші бөлігінде көзделген жағдайларда қажетті материалдармен бірге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің негізінде сотқа жіберіледі.

   Сот отырысында тәртіп бұзушының әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық белгілері болса, бұл туралы сот қаулысы шығарылады. Қаулы өзіне қатысты адамға үш жұмыс күні ішінде жіберіледі. Әрі ол растайтын материалдармен бірге прокурорға сотқа дейінгі іс жүргізуді ұйымдастыру үшін жолданады.

Жалпы алғанда сотты құрметтемеу заңды құрметтемеуді білдіреді. Сот төрелігі процеске қатысушылардан сот отырысының заңмен белгіленген тәртіптерін қатаң сақтауды, олардың құқықтарын қорғау мақсатын көздейді. Сондықтан, Конституция мен өзге заң талаптарына құрметпен қарау ортақ міндет саналады.

Аян Бибатыров, Наурызбай аудандық сотының судьясы, Алматы қаласы

Апостильдің маңыздылығы

Апостиль – елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы...

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары

Сыбайлас жемқорлық – мәртебесі мен даму деңгейіне қарамастан барлық...

Кассациялық сатыдағы соттың маңыздылығы

Елімізде 2025 жылдан бастап сот саласына жаңашылдық енізіліп, кассациялық...

Соттағы қылмыстық істерді қараудың басты бағыттары: әділдік пен заңдылық кепілі

Қылмыстық істерді сотта қарау – адам тағдыры шешілетін, қылмыстық...

Регионы-аутсайдеры по исполнению плана-графика МЭКС назвали в проектном офисе

На заседании проектного офиса нацпроекта по модернизации энергетического и...