12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот жүйесінің «Сот кабинеті» сервисі

Қазақстан судьяларының VI съезінде қойылған сот ісін жүргізу процесінде ақпараттық технологиялар енгізу туралы міндеттерді орындау мақсатында Жоғарғы сот «Сот кабинеті» электронды форматын әзірледі.

Негізінде, «Сот кабинеті» — бұл электронды ақпараттық сервис, сот құрылымында қолға алынған заманауи технологияларының бірі. Электронды сервис ең алдымен халыққа сот жүйесінің қолжетімділігі мен сот ісін жүргізуді жеңілдету мақсатында іске асырылған.

Қолданушылар ұсынылған «кабинет» арқылы сотқа электронды түрде талап қою, арыз, шағым, өтініш беруге, мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуге, сот құжаттары мен жалпы сот ісіне қатысты барлық құжатты қадағалап отыруға болады. Сондай-ақ, сот кабинетін пайдаланушы «Іс құжаттары бойынша құжаттар» бөлімі арқылы пікір, қарсы талап қою, сот процесінің хаттамасына ескертулер, атқару парағын жолдау туралы өтініш, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыз, сот актілерінің көшірмелерін беру туралы арыз және осы секілді басқа да өтініштерді бере алады. Айта кететін жәйт, сотқа жоғарыда көрсетілген құжаттарды жолдау барысында уақыт жағынан белгілі бір шектеу қойылмаған, яғни қолданушылар өзіне ыңғайлы кез келген уақытта сотқа құжаттарын жолдай алады.

Аталмыш сервисті пайдалану үшін әрбір сотқа жүгінген азамат Халыққа қызмет көрсету орталығында электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет. Нәтижесінде, тіркелген тұлға сервистің пайдаланушысы болып саналады.

Бүгінгі күні «Сот кабинеті» сервисі – сот жүйесінің үлкен жетістіктерінің бірі екені сөзсіз.

Л.Қарлыханова
Қызылорда қалалық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...

Сыбайлас жемқорлықтан ешбір ел сақтандырылмаған

Сыбайлас жемқорлық – әлем халықтарына ортақ кесел. Бұл індет...

Сот жүйесінің жаңашылдықтары

Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы құқықты және әлеуметтік мемлекет»...

«Сот төрелігінің маңызды бағытының бірі – бітімгершілік»

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының құқықтық саясатында сот жүктемесін азайту,...