12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот жүйесінің бүгіні мен ертеңі

Жаңа Қазақстанның жарқын болашағына бастау болар Ата Заңымызға өзгерістер енгізген референдум да өтті. Сот жүйесінің кешегісі мен ертеңі Конституцияға тікелей байланысты.
Екі ғасыр тоғысында қол жеткізген тәуелсіздігіміз елімізге түбегейлі өзгеріс әкелді. Қазақстан ең алдымен, бүгінгі әлемдік кеңістікпен үндестік тауып, демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет деп танылды. Дала өркениетіне сай құрылған заң ережелері негізінде өз Ата Заңын қабылдады. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі тұңғыш Конституциясы 1993 жылы қабылданды. Алайда ол жүйелі әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгеріске негіз болмады. 1995 жылы 30 тамызда референдумда жаңа Конституция қабылданды. Онда не өзгерді?
Біріншіден, Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет боп танылды. Екіншіден, мемлекеттік біртұтас билік – заң шығарушы, атқарушы және сот билігі боп үш тармаққа бөлінді. Үшіншіден, көппартиялық негіздегі саяси жүйе қалыптасты, парламентаризмнің негізі қаланып, қос палаталы Парламент дүниеге келді. Төртіншіден, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару бөлімі енгізілді. Бесіншіден, сот жүйесін қалыптастырудың айқын ережелері белгіленді. Соттар мен судьялардың мәртебесі заң тұрғысында анықталып, ол сот төрелігін жүзеге асырудың құқықтық кепілдігін нығайтты.
Міне, сол кезден бастап елімізде қарқынды түрде сот реформасы басталды. Бірқатар жаңа кодекс қабылданды. Жергілікті жерлердегі соттарды сайлау тоқтатылып, оларды Президент тағайындайтын болды. Судья қызметіне тағайындау ашық және конкурстық негізде жүргізіле бастады және оларға қойылатын талап та күшейтілді. Соттарды мамандандыру жүзеге асырылды. Сот реформасының нәтижесінде жұмыс жүйесін реттейтін бірқатар жаңа заңдар топтамасы қабылданды.
Ал, бүгінгі сот жүйесінің бейнесі цифрландырумен тікелей байланысты. Яғни, алғашқылардың бірі болып әрі белсенді түрде электронды технологияларды жүйеге енгізген сот билігі бүгінде барлық жағынан жетістікке жетіп отыр. 1995 жылы өткен референдум нәтижесінде сот жүйесінің кешегісі мен бүгіні адам танымастай өзгерді. Ал кешегі референдум Жаңа Қазақстанды құруда, сот жүйесінің ертеңін айқындауда үлкен жеңістерге жол ашады деп сенеміз!

Бауыржан Шайдуллин,
Ақтау қалалық сотының төрағасы

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Тіл-асыл құндылық

Мемлекеттік тіл - бұл осы мемлекеттің рәміздерінің бірі болып...

Жастар мәселесі жалтақтықты көтермейді

«Сот пен дәрігері жоқ жерде өмір сүрмеңіз» дейді халық...