12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот жүйесіндегі заманауи технология және оның қолжетімділігі

Бүгінде тәуелсіз еліміздің бағдар етіп ұстанған құқықтық демократиялық зайырлы қоғам құру бағытында қолға алынған шараларының қатарында заманауи технологияларды пайдалану және оның қолжетімділігін қамтамасыз етудің маңызы өте зор. Бұл бағытта елімізде барлық саланы қамтып отырған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы айтарлықтай шаруалар атқарып, біраз жетістіктерге жетіп үлгерді.
Заманауи технологиялар сот жүйесінде де кеңінен пайдаланылады және оның ауқымы жыл өткен сайын кеңейіп келеді. Оның себебі түсінікті, өйткені ақпараттық технологияларды пайдалану сот жүйесінің жұмысын жеделдетіп, оның ашықтығы мен қолжетімділігін арттырады. Оған қоса, осы уақытта қоғамымызға терең таралған жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге де заманауи технологиялардың тигізетін әсері мол.

Сот жүйесіндегі заманауи технология туралы айтқанда, ең алдымен ауызға «Сот кабинеті» сервисі ілігеді. Біраз жылдардан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан бұл сервистің беріп жатқаны да берері де мол. «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі іске қосылғаннан кейінгі уақытта сотқа жүгінушілер барлық арыздарын, талап-арыздарын осы сервис арқылы сотқа жолдауда. «Сот кабинеті» — бұл сот органдарының онлайн сервистері мен қызметтеріне рұқсат алуға арналған бірыңғай терезе. Ол арқылы азаматқа, оның өкілі немесе адвокатқа өзіне қолайлы кез-келген уақытта үйінен, кеңсесінен шықпастан, интернет желісі арқылы арызды,  шағым немесе наразылықты электрондық түрде жолдауға, мемлекеттік бажды онлайн режимде төлеуге, сот құжатын, сондай-ақ істің мәртебесін интернет арқылы  көруге және сот актісінің көшірмесін басып шығарып алуға, сонымен қатар процессуалдық мерзімдерді қадағалауға мүмкіндік берілген.

«Сот кабинеті» сервисі сот жұмысының ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етіп қана қоймай, азаматтардың сот органы қызметкерлерімен бетпе-бет сөйлесіп, араласпай қашықтан байланыс жасауына мүмкіндік береді. Бұның өзі сот саласындағы жемқорлық заңсыздықтардың алдын алуға үлкен септігін тигізетіні анық.
Сот жүйесінде заманауи технологияны енгізудің тағы бір көрінісі ретінде, сот мәжілістері залдарының үн-бейне құрылғылармен жабдықталуы десек, артық айтқандық болмайды. Бүгінде сот отырыстары үн-бейне құрылғылары арқылы жазылады. Бұның өзі сот процесін судьяның бұрмалауына, заңсыздықтарға жол бермеуіне жағдай жасайды.

Сондай-ақ, азаматтар қазіргі күні «Сот кабинеті» сервисі арқылы сот отырыстарының жазбаларын қарап, таныса алады. Бұл саладағы жұмыстардың ауқымын кеңейту бағытында шаруалар атқарылып жатыр. 

Соттарда бейнеконференц байланыстарын пайдалана отырып, сот мәжілістерін жүргізу тәжірибелері де уақыт өткен сайын кең өріс алып келеді. Ауруханада жатқан немесе жазасын өтеу мекемесіндегі азаматтарға, тіпті шетелдегі азаматтарға қатысты сот мәжілістері осындай бейнеконференц байланыстары арқылы қашықтан өткізіледі. Сот процесіне қатысушыларға хабарландыру жіберудің  ескі тәсілдері кейбір азаматтардың сотқа келмеуіне заңды түрде сылтау тауып, процесті созабалуына мүмкіндік беріп келген еді. Қазір жағдай түбірімен өзгерді.  «Сот құжаттарымен танысу» сервисі бұл жұмыстарды оңтайландырып қана қоймай, оның қолжетімділігін де артырды.

Электронды «Сотқа шақыру» жобасы жылдам, әрі үнемді. Азаматтар талап арыздарын сотқа қағаз түрінде жазып беріп, қолдарына талон алады да, келесі жолы оған істің өндіріске қабылданғаны туралы, сот ұйғарымдары шыққаны және т.б. туралы SMS-хабарламалар немесе электронды хаттар жіберіледі. Осының бәрі жұмыстың жылдамдығын қамтамасыз етіп, процеске қатысушылардың қаржысы мен уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, сот жүйесіндегі заманауи технологияның бірі  «Гибридтік электронды пошта». Бұл технология «Қазпошта» АҚ-мен бірігіп, сәтті жұмыс істеп жатыр. Мүнда электронды пішіндегі хабарлама оны алушының пошта бөлімшесіне жөнелтіледі, сол жерде қағаз түрінде шығарылып, алушыға жеткізіліп, қолына тапсырылады. Бұл шақыру қағаздарының ұзақ уақытта жеткізілу немесе жоғалып кету сияқты қолайсыздықтарға жол беруден сақтайды. Шақыру қағазы жедел түрде азаматтардың қолына табыс етіледі.

Заманауи технологияларды сот жүйесінде пайдалану бағытындағы жұмыстар тоқталмайды. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасуда. Яғни, сот қызметі заман талабына сай жедел, ашық және қолжетімді бола түседі деген сөз.

Т.Т.Аликулов 

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының

кеңсе бас маманы-сот отырысының хатшысы

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...