12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот жүйесіндегі жасанды интеллект

Қыркүйек айында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Және осы Жолдауы арқылы еліміздің барлық саласын жасанды интеллектіге бейімдеуге шақырды. Атап өтер жайт, еліміздің сот жүйесі дер кезінде заманауи өзгерістерге икемделе қоятын сала. Сондықтан жасанды интеллекті игіліктері салаға жат емес.

Мәселен жасанды интеллект әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша процестерге енгізілді. Роботтандырудың ауқымы сот істерінің ең көп массивін – әкімшілік істерді қамту үшін кеңейтілді. Сот мәліметінше, бұрын 3 күн кететін жұмысты, енді бар болғаны — 10 минутта істеуге болады.  Сот актісі бірден күшіне енеді, ал бұрын 10 күн уақыт кететін. Жасанды интеллект технологиясы мемлекеттік басқару жүйесіне белсенді енгізіліп қана қоймай, жасанды интеллекті сот және құқық қорғау салаларына енгізу процестерді оңтайландырып, шешімдердің объективтілігін арттырады және халықтың сот жүйесіне деген сенімін күшейтеді деп күтіліп отыр. Құқық қорғау және сот саласындағы жасанды интеллектің әлеуеті әділеттілікті тиімді, ашық және қолжетімді ету бағытында жаңа мүмкіндіктерге жол ашады, дұрыс тәсіл қолданылған жағдайда жасанды интеллект тергеуші мен судьяның сенімді көмекшісіне айналып, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға ықпал етеді деп болжанып отыр. Сондықтан жасанды интеллекті жақсы нәтиже берсе алдағы уақытта басқа да салаларға көбірек енгізілу ойластырылып отыр.

Жалпы жаңа технология сот саласына жаңа серпін берді. Осы жаңашылдықтардың арқасында соттың ашықтығы, жеделдігі, қолжетімділігі артты. Заман сұранысына сай сандық технологияларды салаға енгізу о баста істерді судьяларға автоматты түрде бөлуден басталған болатын. Бұл жоба өзінің тиімділігін көрсеткен соң, барлық деңгейдегі қазақстандық соттарда істерді бөлудің автоматтандырылған жүйесі енгізілді, ол судьялардың жұмыс жүктемесін жеңілдетуге мүмкіндік берді. Ең бастысы бұл жүйедегі адам факторын жойып, сот саласына халықтың сенімділігін арттыра түсті.

Сондықтан саладағы сандық жүйенің артықшылығы сезілген соң алдағы уақытта жасанды интеллектінің көбірек енгізу қарастырылып отыр. Бұл өз кезегінде саланың жаңа бір деңгейге өсуіне ықпал етері сөзсіз.

Д. М. Қарымбаев, Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

Медиация – оңтайлы шешім

            Дауларды реттеудің қолданыстағы тетіктерін жетілдірудің және азаматтардың бұзылған...

Жолдау жүктеген міндет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті...

Сандық технология сот жүйесінде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы қыркүйек айында «Жасанды интеллект...

Сот жүйесіндегі сандық технология

Еліміздің сот жүйесі ең алғашқылардың бірі болып сандық...

Тіл – тұрақтылық кепілі

Халқымыздың біртуар жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Біздің заманда өз тілін,...