spot_img
spot_img

Сот жүйесінде мемлекеттік тілді қолдану

Елімізде мемлекеттік тіліміздің дамуы мен нығаюына бағытталған заңдар қабылданып, заң аясында мемлекеттік бағдарламалар дайындалып, сол бағдарламаларды жүзеге асыру үшін көптеген ауқымды іс-шаралар жасалып келеді.

Мемлекеттік тіл мәселесі сот жүйесінің де жіті назарынан тыс қалып отырған жоқ.  Сот істерін мемлекеттік тілде қарау мәселесі де ерекше назарға алынып отыр. Республика соттары мемлекеттік тілге қатысты қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» және «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңын басшылыққа алып жүргізуде. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын, мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі болып табылатынын әрқашан есте ұстау қажет.

Осындай маңызды бағыттағы жұмысты іске асыру және халық арасында қазіргі таңда қызу талқыға түсіп отырған латын әліпбиіне көшу мәселесін ортаға салу мақсатында біздің елімізде қыркүйек айының әр үшінші жексенбісінде аталып өтілетін Қазақстан халықтары тілдері күні мерекесі атап өтілуде.

Мемлекеттік тілдің кез келген мемлекеттің тиімді іс-қимыл жасауының маңызды шарты болып табылатыны сөзсіз. Мемлекеттік тілді меңгеру Қазақстан Республикасының әрбір азаматының азаматтық борышы ғана емес, ол Қазақстан халықының бірігуінің маңызды факторларының бірі болып табылады.

Сот төрелігін жүзеге асыру саласында мемлекеттік тілді қолданудың мағынасы өте үлкен, өйткені әрбір сот шешімі орындау үшін міндетті, ол жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, міндеттерін, жауапкершілігін айқындайды. Заң терминологиясының ерекешелігіне қарамастан, сот шешімі азаматтарға қол жетімді және түсінікті тілде баяндалуы қажет. Сот шешімінің тілдік қасиеттері – судья кәсібилігінің маңызды көрсеткіші болып табылады.

Заң бойынша, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер сотқа қай тілде түссе, сол тілде қаралады. Алайда, сотпен мемлекеттік тілде қаралатын істер саны тым аз, соныдықтан да, қазақ тілін меңгерген азаматтар сотқа мемлекеттік тілде жүгінуге құқығы бар екендігін еске саламын.  

Қанат РАХЫМБАЙ

Қостанай облысының

мамандандырылған ауданаралық

әкімшілік сотының судьясы

Моральдық зиян ақшалай нысанда өтеледi

Құқықтық, зайырлы мемлекетте азаматтардың қауіпсіздігі мен мүддесі басты орында...

Оңайлатылған іс жүргізу тәртібі азаматтарға ыңғайлы, оңтайлы, тиімді

Құқықтық, зайырлы мемлекеттің тірегі – сот. Соған орай, отандық...

Конституциялық сот – әділеттің кепілі

Құқықтық мемлекет құрудың басты шарты – заң үстемдігі. Ал...

Эксаумақтық соттылық – тараптар таңдауы

Қазақ «Тосылған судың тұнығы болмайды» дегенді тауып айтқан. Расында...

Конституция – әділеттіліктің және тәртіптің тірегі

Биыл барша қазақстандықтар үшін аса маңызды тарихи дата —...