Сот жүйесінде электронды цифрға өтудің маңыздылығы

Қазіргі кезеңде ақпараттық технологиялардың дамуы сот жүйесіне де елеулі өзгерістер енгізуде. Электронды цифрландыру – сот төрелігін жүзеге асырудың тиімділігін арттырып, оның ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ететін маңызды құралдардың бірі.

Сот саласында электронды форматқа көшу ең алдымен құжат айналымын жеңілдетеді. Бұрынғыдай қағаз құжаттарды рәсімдеу, сақтау және іздеу көп уақытты талап етсе, электронды жүйе арқылы бұл процестер жылдам әрі ыңғайлы түрде жүзеге асырылады. Істерді тіркеу, сот актілерін жолдау, орындауға беру сияқты жұмыстар автоматтандырылып, адами фактордың әсері азаяды.

Электронды сот жүйесінің тағы бір маңызды артықшылығы – соттың ашықтығы мен жариялылығының артуы. Азаматтар сот процестеріне онлайн қатысып, істердің қаралу барысын қадағалай алады. Бұл өз кезегінде халықтың сот жүйесіне деген сенімін күшейтеді және әділ сот төрелігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Сонымен қатар, цифрландыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетеді. Электронды форматтағы өтініштер мен құжаттарды қабылдау кезінде тікелей байланыс азайып, барлық әрекеттер жүйеде тіркеліп отырады. Бұл заңсыз әрекеттердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Сот жүйесінде электронды архивтің енгізілуі де маңызды рөл атқарады. Істерді ұзақ мерзімге сақтау, қажетті ақпаратты жылдам табу және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету электронды жүйе арқылы әлдеқайда тиімді жүзеге асады. Сонымен бірге, қағаз шығыны азайып, бюджет қаражаты үнемделеді.

Тағы бір маңызды аспект – уақыт үнемдеу. Электронды сервистер арқылы талап арыз беру, сот актілерін алу, шағым жолдау сияқты қызметтер қашықтан жүзеге асырылады. Бұл азаматтар үшін де, сот қызметкерлері үшін де үлкен қолайлылық тудырады.

Қорытындылай келе, сот жүйесінде электронды цифрға көшу – заман талабына сай қажетті қадам. Ол сот төрелігінің сапасын арттырып, процестердің тиімділігін күшейтеді және қоғамның сотқа деген сенімін нығайтады. Сондықтан цифрландыру бағытындағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру сот жүйесінің дамуының басты басымдықтарының бірі болып қала береді.

Қазығұрт аудандық сотының бас маманы Т. Мусаев

«Digital Qazaqstan» стратегиясын іске асыру Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүргізіліп жатыр

«Digital Qazaqstan» стратегиясын іске асыру Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес...