12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот залындағы тәртіпке бағыну – баршаның міндеті

Сот – мәртебелі орын. Мемлекет атынан шешім шығарылып, үкім оқылатын мәртебелі орынды сыйлау баршаның міндеті. Ақ пен қара сарапқа салынып, әділдік анықталатын сот алаңында тәртіпті сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету – ортақ міндет.

Сондықтан да сот отырысының  ұйымдастырылуына үлкен мән беріледі. Сот процесіне қатысушыларды дер кезінде шақыру, олардың процеске толық қатысуын қамтамасыз ету, өз ұстанымын, ойын айтуына жағдай жасау, қатысушыларға теңдей құқыққа ие екенін сезіндіру – сот кеңсесінің бұлжымас қағидасы. Бүгінде сот мәжіліс залдарына дыбыс-бейне жазу құрылғылары толық орнатылғандықтан, қатысушылар өз сөздерінің бұрмаланбайтынына сенімді. Өйткені, дыбыс-байна жазба тоқтатылмайды, редакцияланбайды. Кез келген адамның таспаны жаздырып алып, сот отырысын қайта қарап шығуына ешқандай кедергі жоқ.

Сотқа деген құрмет ғимарат табалдырығын аттаған сәттегі жауаптылықтан басталады. Кейбір азаматтар тексеруге, сөмке, қол заттарын қарауға қарсы болып жатады. Бұл қоғамдық қажеттіліктен туындаған қадам, яғни, мұны сот отырысына қатысатын азаматтардың қауіпсіздігін қорғау үшін жасалған міндетті шара деп қабылдаған абзал. Сот ғимаратына қару, жарылғыш зат, суық қарудың өтіп кетуі барша қызметкерлер мен қатысушылар өміріне қатер төндіреді. Соған орай тексеріп, бақылау жасау жұмыстарына түсіністікпен қарау керек. Мұның өзі сотқа деген құрметті білдіреді.

Сотқа құрмет – шақыртуға сай сот отырысына кешікпей келуден, сот залында өзгелердің сөйлеуіне кедергі келтірмей, ортақ тәртіпке бағынудан да көрінеді. Кейбір азаматтар хабарламаны ала тұрып, сотқа келмейтінін ескертпей жатады. Ал бұл сот отырысының өз мезгілінде өтуіне кедергі келтіреді. Соның кесірінен қаншама адам уақыт жоғалтады, жоспарлаған шаруаларын кейінге қалдырады. Осыған орай сот отырысына себепсіз келмеген, қатысушылардың сөзін бөліп, төрелік етуші төрағаны сыйламаған азаматтарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сай арнайы жауаптылық белгіленгенін айта кеткен артық болмайды.

Судьяның өкіміне бағынбай, орнында отырып рұқсатсыз сөйлегендер, жан-жағындағыларды балағаттап, алкогольдік ішімдік ішкен күйде сот отырысына келгендер, сот шақыртуына енжар қарағандар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 653-бабына сәйкес жауаптылыққа тартылады. Мұндай теріс әрекет үшін кодексте құқық бұзушыға алдымен ескерту жасау не жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза белгіленген. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалса құқық бұзушыға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынып, не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы белгіленеді.

Заң – баршаға ортақ. Соған сәйкес, сот алаңында да ешкімді алалауға, артықшылық беруге жол жоқ. Мұны әрбір азамат жадында ұстауы керек.

А.Абишева,

Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...

Тіл-асыл құндылық

Мемлекеттік тіл - бұл осы мемлекеттің рәміздерінің бірі болып...