spot_img
spot_img

Сот төрелігінің өзекті тақырыбы бойынша тарихқа үңілсек…

         «Қазақ даласындағы сот билігінің мұраты – сот процесіне қатысушылардың «жеңуі», не «жеңілуінде» емес, екі жақтың «жеңілдеп» шығуында еді» делінген 1998 жылғы Қазақстан Жоғарғы Соты туралы  кітаптабында.

         Кітапта жазылған сот төрелігі бойынша тарихқа үңілсек, қазақ қоғамына біртұтастықты, дарытып, ынтымақ орнатқан ежелгі ережелердің үлгілі нұсқасы, халықтың тәртіп, салт-дәсүрінің жүйелі жиынтығы «Жеті жарғы» -дана бабаларымыздың «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» деп аталатын мемлекет басқару мен ел билеудің жан-жақты байыпталған ұлы мұра екенін көруге болады. Ежелгі мемлекеттердің құрамында болған қазақ ұлысының да өзіне тән заң ережелері, сот ісінің озық үлгісі-билер үкімі құқықтық нормалардың принциптерін атқарып келгендігі, бүгінгі ұрпақтарымыздың құлағына анық жетіп, көкейіне қонған: «Түгел сөздің түбі –бір, түп атасы Майқы би» деген сөздің мағынасының тым тереңде екені жазылған. Еліміздегі билер сотының осы Майқы биден бастау алатыны, содан бері қазақ елінде қалыптасқан билер бітімі  әр кезеңдегі мемлекеттік құрылым –жүйеге қарай дамып, өркендеп отырғаны, XVI ғасырдағы Қасым хан шығарған «Қасым ханның қасқа жолы» деген заң жарлығы, Есімхан жарлық еткен «Есім ханның ескі жолы» өз дәуіріндегі заң –жарғылардың, мемлекеттік құқықтардың жинақталған озық үлгісіне айналып, мемлекет мүддесіне сай жаңаша жасалған Әз Тәуке ханның ғасырындағы «Жеті жарғы» заңдар ережесінің маңызы зор болғаны анық.

       Қандай да бір қиын кезеңдерді бастан кешірсе де, қазақ халқы сот билігінің туын түсірмегендігін, «Би» -бүгінгі тілмен айтқанда, судья –ел қамқоры, халық жанашыры және ақылшысы бола білетіндігі туралы жазылған кітаптағы тарихты жеткізудің өзі сот төрелігінің өзекті мәселесі деп айтуға да болады.

      Сол кезде де бітімгершілікті алға ұстағаны, «Дау мұраты –бітім» деген аталы сөз де сол кезден қалған екен.

                                      Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың

                      істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының  

                                   төрағасы Жаңылхан Талапбайқызы Жүсіпова

Медиация – дауды шешудің ең тиімді жолы

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексте татуластыру рәсімдерін сот тәжірибесінде тиімді...

Мемлекеттік тілдің сот өндірісінде қолданылуы

Бүгінгі таңда мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізу Қазақстан Республикасындағы...

Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі

     Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы....

Медиация в Казахстане: современный механизм разрешения споров

Понятие медиации Медиация — это форма альтернативного урегулирования споров с...

Сот жүйесінде мемлекеттік тілді қолдану

Елімізде мемлекеттік тіліміздің дамуы мен нығаюына бағытталған заңдар қабылданып,...