Қоғамда әділдіктің темірқазығы саналатын сот жүйесінің әрбір мүшесі өз рөлін мінсіз атқаруы тиіс. Әділ сот төрелігін жүзеге асыруда судья мен прокурордың, адвокаттың еңбегі жиі аталады. Алайда, сот процесінің көрінбейтін, бірақ аса маңызды тетіктерінің бірі – сот отырысының хатшысы екенін көбіміз біле бермейміз.
Хатшы – заңды рәсімдеудің шебері Сот отырысының хатшысы- әрбір процестің заңға сәйкес, дәл және нақты құжатталуын қамтамасыз ететін маман. Ол -тыңдаудың барысын хаттама түрінде рәсімдеп, әрбір сөз бен әрекетті тіркеп отырады. Бұл жазбалар кейін сот шешімдерін қайта қарау барысында, апелляциялық процестерде немесе сот тарихында маңызды дәлел ретінде қызмет етеді.
Кәсібилік пен бейтараптық – басты қағида Хатшының жұмысы сырт көзге қарапайым көрінуі мүмкін. Алайда, ол терең заңнамалық білімді, мұқияттылықты, бейтарап көзқарасты және жоғары кәсіби мәдениетті талап етеді.
Әсіресе, эмоцияға берілмей, тараптардың айқайы мен қысымына қарамастан, дәл әрі сауатты жазу – бұл оңай міндет емес. Технология мен жауапкершілік үйлесімі қазіргі таңда сот отырыстарының кейбіреуі аудио және бейнежазбамен жүргізілсе де, хатшының рөлі өз маңызын жойған жоқ. Көп жағдайда ол арнайы бағдарламалармен жұмыс істеп, электронды құжат айналымының сапалы жүргізілуін қадағалайды.
Сонымен қатар, процессуалдық мерзімдер мен заң талаптарының сақталуына жауап береді. Мамандықтың адамгершілік жүгі Сот отырысының хатшысы – әділеттіліктің үнсіз қорғаушысы. Ол қатаң құпиялылықты сақтап, сот процесіне қатысушылардың құқығын құрметтейді. Бұл мамандықтың ар жағында адалдық, төзімділік және үлкен жауапкершілік тұр. Сот жүйесінде көзге көп көрінбейтін, бірақ жұмыссыз бірде-бір процесс өтпейтін тұлға – ол сот отырысының хатшысы. Сол себепті де олардың еңбегіне лайықты құрмет пен бағалау — әділ қоғамның бір бөлігі.
Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маман- сот отырысының хатшысы
А.А. Есенбаева