12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот шығындарының мән жайлары

Сот шығындары азаматтық істер бойынша мемлекеттік баж салығынан және іс қарауға байланысты алымдардан тұрады. Соттар азаматтық істер бойынша сот төрелігін атқару кезіндегі сот шығындарымен байланысты мәселелерді Қазақстан Республикасының Азаматтық істер жүргізу Кодексінің сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес шешіледі.

Мемлекеттік баж азаматтық істер бойынша заңды мәні бар іс-әрекеттерді жасау және (немесе) құжаттарды беру үшін алынатын міндетті төлем болып табылады.

Сотқа берілетін талап қоюлар және арыздар, сондай-ақ қарсы талап қоюлар қарастыруы мүмкін бірнеше талаптарының әр қайсысы мемлекеттік баж алудың объектісі болып табылады. Азаматтық іс жүргізу заңнамасында сот шығындарын өтеуден босатылған тұлғалар көрсетілген. Оларға еңбек ақы, алимент өндіру, денсаулыққа келген зиянды өтеу, қылмыстан келген материалдық зиянды өтеу тағы да басқа істер бойынша талапкерлер жатады. Мемлекеттік баж заңды мәні бар іс – әрекеттің жасалған жері бойынша есепке алынады. Осыған байланысты мемлекеттік баж талап қою жері бойынша төленгенін растайтын құжаттарды сот дәлел ретінде қабылдауы тиіс.

 Талап қоюдың бағасы ҚР АІЖК-нің 104 бабына сәйкес анықталады және талапкермен көрсетіледі. Мемлекеттік баж төленбеген кезде талап арыз қараусыз қалдырылады және талап қоюшыға қайтарылады.

Талап арызда бағасының көрсетілмеуі талап арыздың қозғалыссыз қалдырылуына негіз болуы мүмкін. Мемлекеттік бажды бюджетке төлеу, төлеу құжаттарымен немесе кассалық құжаттармен, ал төлемдерді банкоматтар, электрондық терминдар, қашықтықтан байланысу және «электрондық үкімет» төлем шлюзі арналары арқылы төленген кезде қағазжеткізгіштерге немесе электрондық түрде чектермен және түбіртектермен растауға тиіс.

Іс бойынша жүргізуге байланысты шығындарға:

1) Куәларға, сарапшыларға және мамандарға төленуге тиісті сомалар;

2) Тиісті орында қарап, тексеруді жүргізуге байланысты шығыстар;

3) Заттай дәлелдемелерді сақтауға байланысты шығыстар;

4) Жауапкерді және (немесе) баланы іздестіру бойынша шығыстар;

5) Тараптарға және іске қатысатын басқа да тұлғаларға хабарлау және оларды сотқа шақыру бойынша шығыстар;

6)Тараптар мен үшінші тұлғалардың жол жүру және тұрғын үй –жайларды жалдау бойынша, олардың сотқа келуіне байланысты жұмсаған шығыстар;

7) Өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша шығыстар;

8) Сот өтелуге жатады деп танылған, оның ішінде тараптардың кейіннен сотқа жүгінген кезде дауды міндетті түрде сотқа дейін реттеу рәсімдерінде жұмсаған басқа да шығыстары жатады.  

Талап қоюшы төлеуден босатылған мемлекеттік баж, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар сот мемлекет кірісіне шығыстарын төлеуден босатылмаған жауапкерден толық немесе талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігіне пропорционалды өндіріліп алынады.

       Егер талап қою бір бөлігінде қанағаттандырылса, ал жауапкер сот шығыстарын төлеуден босатылса, іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар мемлекеттің кірісіне сот шығыстарын төлеуден босатылмаған талап қоюшыдан талап қою талаптарының қанағаттандырылудан бас тартылған бөлігіне пропорционалды өндіріліп алынады.

      Егер тараптардың екеуі де сот шығыстарын төлеуден босатылса, онда іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар бюджет қаражаты есебіне жатқызылады.

       Талап қоюдан бас тартылған жағдайда іс бойынша іс жүргізуге байланысты сот шығындары талап қоюшыдан мемлекет кірісіне өндіріліп алынады.

       Өзіне тиесілі төлемдерді төлеуден жалтарған адамға іздестіру жарияланған жағдайда іздестіруді жүргізу бойынша шығыстар сол адамнан мемлекет кірісіне өндіріліп алынады.

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының судьясы Мезгильбаева Гайде Эрмековна

Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттің беделін...

Мемлекеттік тіл және сот төрелігі

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің құқықтық, саяси және рухани негізін...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғам дамуының кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекетке деген...

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...