Бисенова Рахия Шауханбайқызы – Қызылорда облысы, Қармақшы аудандық сотында 1990 жылдан бері қызмет жасап келеді.
Тәжірибелі маман 2021 жылдан бастап елімізде «Судья және сот қызметкерлері» күні мереке күндер қатарына қосылып, кәсіби мереке ретінде аталып өтетін болғанда жүзіне қуаныш ұялаған жалғыз өзі емес осы салада жатпай- тұрмай еңбек сіңіріп жүрген әріптестерінің де көптен күткен жақсы жаңалықтарының бірі болғанын, сонау 1990 жылдың көктемінде сол кездегі Қармақшы аудандық сотының төрағасы Ә.Жаубасаров ағайдың: жұмысқа кіріс, қолыңнан келетін нәрсе,-дегеннен кейін жұмысқа орналасып, жетекші маман, мұрағатшы, бас маман-сот отырысының хатшысы қызметін атқарғанын, қазіргі таңда сот кеңсесінде бас маман болып жұмыс жасап отырғанын өз сөзінде айтып өтті.
Осы бір сот саласына арнаған 32 жыл ішінде өзінің кәсіби міндеттерін адал және жауапкершілікпен атқарып, қазіргі таңда жұмыс жасап жатырған жас мамандарға үлгі болып, сот саласының заманауи дамуына ілесе отырып, қосып отырған үлесі мол. Абыройлы қызмет жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Департаменті басшысының Құрмет грамотасымен, Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісінің, облыс, аудан әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталып, еңбегі еленіп отыр.
Сонымен қатар өткен жылдарға көз жүгірте отырып, уақытпен санаспай жұмысты да, отбасында бірдей алып жүргендерін, ол заманда дәл осы кездегідей жасалған жағдай болмаса да сабырлық сақтап, қандай іс болмасын барлық ынта-жігер, қадір-қабілетін көрсете отырып, өз ортасына құрметпен, жанашырлықпен, жауапкершілікпен қараса, сот саласының қайта жаңғыру кезеңінде де қажымай-талмай саланың дамуына жұмсап келеді.
Отбасында немерелеріне аяулы әже болса, жұбайы аудандық билер кеңесінің мүшесі, ел арасында туындағын даулы мәселелердің оңтайлы шешілуіне ат салысып, қоғамдағы болып жатырған жағдайларды халыққа дұрыс жағынан насихаттап отырады. Балалары да жоғары білімді, өздері таңдаған салада нәтижелі жұмыс жасауда.Елімізді, халқымызды қорғауда ұрпағының абыройлы қызмет атқарғаны үшін Қызылорда ОПД-і омырауына «Офицердің анасы» медалін тақты.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев бес асыл істің бірі –еңбек деп ашып айтып берген! Елді ел, адамды адам ететін тек қана жасаған адал еңбегі, сол еткен еңбектің арқасында ғана келер ұрпаққа тәлімгерлік дәстүрді табыстап, еліміздің дамып, өркендеуіне үлгі көрсету басты назарда болуы керек екенін әрбіріміздің есімізде болуы шарт!
Қармақшы аудандық сотының
баспасөз қызметі