12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот приставының құқықтықтары мен міндеттері

Қазақстан Республикасының «Сот приставтары туралы» заңында сот приставтарының құқықтық жағдайы нақты әрі анық түрде белгіленген. Бұл тек қызметтік шеңбер ғана емес, мемлекеттің атынан әрекет ететін лауазымды тұлғаның мәртебесі мен жауапкершілігі туралы қағидат.

Сот приставтары  -мемлекет атынан әрекет ететін тұлға, яғни сот жүйесі қызметінде тұрған және өзіне жүктелген міндеттерді орындайтын лауазымды адам. Ол жай ғана орындаушы емес, сот шешімдерін іске асырушы, заң мен тәртіпті қамтамасыз етуші маңызды буын. 

Сот приставының басты қызметі — мемлекеттің әділдік пен тәртіпке деген сұранысының тікелей көрінісін айқындау. Сондықтан бұл қызмет заңмен ерекше мәртебеге ие.

Сот приставтарына нысанды киім (погонсыз), сәйкестендіру картасы беріледі. Бұл — олардың ресми мәртебесінің, заңды өкілеттігінің және халық алдындағы айқын бейнесінің белгісі. Киім үлгісі мен жабдықтар сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті орган тарапынан бекітіледі. 

Сот приставының заңды талаптарын барлық жеке және заңды тұлғалар міндетті түрде орындауы тиіс. Бұл — олардың лауазымының тек формалды емес, нақты заңдық күшке ие екенінің дәлелі. Яғни, приставтың талабын елемеу — заңға қарсы әрекет болып саналады және ол үшін құқықтық жауапкершілік қарастырылған.

Сот жүйесінің әділ әрі тиімді жұмыс істеуі тек заңдардың қабылдануымен шектелмейді. Ол — сол заңдардың нақты орындалуы мен сот процесінің қауіпсіздігіне тікелей байланысты. Осы жауапты міндет сот приставтарына жүктеледі. Олардың қызметі қоғамда жиі назардан тыс қалатынымен, шын мәнінде, құқықтық тәртіптің негізін сақтаушы тұлғалар болып табылады.

Сот приставы ең алдымен: Судьялар мен сот процесіне қатысатын тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, Сот отырысы өтетін ғимарат пен кеңселердің күзетін жүргізеді, Сот отырысы кезінде тәртіп сақталуын қадағалайды, Сот шешімін орындаудан жалтарған адамдарды мәжбүрлі түрде сотқа жеткізеді, Қылмыстық істер мен айғақтарды жеткізіп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Бұл орайда, сот приставтары азаматтардың құқықтарын бұзбауға, өз өкілетін заңға сәйкес қатаң түрде орындауға міндетті.

Жалпы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сот приставтарының негізгі міндеттері мыналар: 

Сот отырыстары кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау. Бұл – олардың басты және ең көзге көрінетін функциясы. Сот залында дауласушылар, куәлар мен көрермендер болған жағдайда, тыныштық пен тәртіпті қамтамасыз ету – приставтың тікелей міндеті.

Сотқа іс жүргізу әрекеттерін орындауда жәрдемдесу. Мысалы, куәларды шақыру, құжаттарды тапсыру, процессуалдық әрекеттерді орындауға жағдай жасау – бұл да сот приставының көмегімен жүзеге асады.

 Сот ғимараттарын күзету, судьялар мен сот процесіне қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл міндет тек физикалық қауіпсіздікпен шектелмейді. 

Сондай-ақ сот приставтары судьяның сот талқылауын жүргiзу тәртiбiн сақтауға байланысты өкiмдерiн орындауға, сотқа келуден жалтарған адамдарды күштеп алып келудi жүзеге асыруға, қамауға алынған адамдарды қорғау және олардың қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша қарауыл қызметi қызметкерлерiмен өзара iс-қимыл жасауға мiндеттi.

Қысым, қорқыту немесе заңсыз әрекеттердің алдын алу – құқықтық мемлекеттің маңызды белгісі.

Сот приставтары соттың тыныштығын бұзған азаматтардан құқыққа қайшы әрекеттерін тоқтатуды талап етуге құқылы. Қажет болған жағдайда олар: сот ғимаратында құқық бұзушыларды ұстауға, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыруға , құқық қорғау органдарына құқық бұзушыларды жеткізуге, атыс және электрлік қаруын, арнаулы құралдар мен күш қолдануға рұқсат етілген (заң шеңберінде). Бұл — оларға жай ғана рұқсат емес, үлкен жауапкершілікпен бірге берілген өкілеттілік. Себебі заң алдында барлығы тең, бірақ заңды бұзуға жол берілмеуі тиіс. Сот приставтары қарапайым күзетші емес. Олар – тәртіптің шекарасында тұрған, заңның тыныштығын күзететін кәсіби мамандар. Олардың жұмысы — көрінбейтін, бірақ шешуші.

Айта кету керек, бұрынғы заңда болған кейбір тармақтар соңғы заңнамалық өзгерістерге сай алып тасталған. Бұл – құқықтық жүйенің уақытпен бірге жаңарып отыруының дәлелі.

Сот приставының қызметі — құқық пен тәртіптің нақты іске асуының кепілі. Олардың  заңмен бекітілген құқықтық мәртебесі мен өкілеттігі — тек қағаз жүзінде емес, елдің құқықтық тәртібінің нақты тірегі. Әрбір азамат бұл мәртебені түсініп, құрметтегенде ғана әділетті қоғам қалыптасады, сот залдарында тәртіп пен сот жүйесіне деген жалпы сенім артады.

Сот приставтары – сот төрелігінің көзге көрінбейтін, бірақ аса маңызды тірегі. Олар қоғамдық тәртіптің күзетшісі ғана емес, құқықтық мәдениеттің сақтаушысы. Олардың міндеті — соттың тыныштығын ғана емес, қоғамдағы әділдік пен тәртіптің тұрақтылығын сақтау болып келеді.

Сот приставтары — еліміздің құқықтық тәртібін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратын тұлғалар. Оларсыз сот процесінің қауіпсіз өтуі мүмкін емес. Әрбір азамат олардың қызметіне түсіністікпен қарап, заң талаптарын сақтауға ұмтылуы тиіс. Себебі тәртіп пен әділдік — мемлекеттің тірегі.

Алматы гарнизонының 

Әскери сот әкімшісінің басшысы 

Тамашаева Дана Ермекқызы

Долгожданное открытие: в Шымыре заработала новая амбулатория

В селе Шымыр Ескельдинского района произошло радостное и значимое...

Медицина қызметкерлерін мерекемен құттықтады

Атырау облысы бойынша Қылмыстық- атқару жүйесі департаменті және департаментке...