Сот отырыстарындағы тәртіптің маңызы

Қоғамда заң үстемдігін қамтамасыз етуде сот жүйесінің орны ерекше. Сот – әділдік орнайтын, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделері қорғалатын маңызды институт. Сондықтан сот отырыстарының заң талаптарына сай, тәртіппен өтуі әділ сот төрелігін жүзеге асырудың негізгі шарттарының бірі болып табылады.

Сот отырысындағы тәртіп – әділ сот төрелігінің кепілі

Сот отырысы – белгілі бір құқықтық дауды немесе құқық бұзушылықты қарау барысында жүргізілетін ресми процесс. Бұл процесс заңмен белгіленген нақты тәртіпке сәйкес өтеді. Сот залына қатысушылардың барлығы – судья, прокурор, адвокат, тараптар және куәлар – соттағы тәртіп ережелерін сақтауға міндетті.

Сот отырысындағы тәртіпті сақтау соттың қалыпты жұмыс істеуіне, істің жан-жақты және объективті қаралуына мүмкіндік береді. Егер сот процесінде тәртіп сақталмаса, сот отырысының барысы бұзылып, істің әділ әрі толық қаралуына кедергі келуі мүмкін.

Сотқа құрмет – заңға құрмет

Сот залы – мемлекеттің атынан әділдік айтылатын ерекше орын. Сондықтан сот отырысына қатысушылар сотқа және сот процесіне құрметпен қарауы тиіс. Сотқа келген азаматтар ұялы телефонды өшіру, орынсыз сөз сөйлемеу, соттың рұқсатынсыз сөйлемеу сияқты қарапайым талаптарды орындауы қажет.

Сот төрағалық етуші судья сот отырысындағы тәртіпті қамтамасыз етуге жауапты. Ол сот процесін жүргізу барысында қатысушылардың заң талаптарын сақтауын қадағалайды. Егер соттағы тәртіп бұзылса, заңға сәйкес ескерту жасалып, кей жағдайларда әкімшілік жауапкершілік те қолданылуы мүмкін.

Тәртіп – сот процесінің тиімділігін арттырады

Сот отырысындағы тәртіп тек формальды талап емес. Ол сот процесінің тиімді, жүйелі және уақытылы өтуіне ықпал етеді. Барлық қатысушылар өз құқықтары мен міндеттерін сақтаған жағдайда ғана сот істі толық зерттеп, әділ шешім қабылдай алады.

Заңгерлердің пікірінше, соттағы тәртіп – құқықтық мәдениеттің де көрсеткіші. Азаматтардың сотқа және заңға деген құрметі қоғамдағы құқықтық сананың деңгейін айқындайды.

Қорытынды

Сот отырыстарындағы тәртіп – әділ сот төрелігінің маңызды бөлігі. Ол сот процесінің заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз етіп қана қоймай, қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Сондықтан әрбір азамат сотқа келген кезде белгіленген тәртіпті сақтап, сотқа құрметпен қарауы тиіс. Бұл – заң үстемдігі орныққан құқықтық мемлекет құрудың маңызды шарттарының бірі.

Кенебаев Слямбек Амангельдинович, Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының аға сот орындаушысы

Мемлекеттік тіл – тәуелсіз елдің негізгі қазығы

Тәуелсіздік – кез келген халықтың ең асыл мұраты. Егемен...

Абай облысында сотталғандар арасында Амал кұні атап өтілді

Абай облысындағы қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде Амал күніне орай...

Біз Иран халқына құрметпен қараймыз – Тоқаев

Мемлекет басшысы Референдум учаскесінде дауыс бергеннен кейін журналистердің сұрақтарына...

Мы проявляем неизменное уважение иранскому народу – Токаев

Глава государства обозначил позицию Казахстана в отношении Ирана, отвечая...

СВОЙ ДЕНЬ РОЖДЕНИЯ – НА УЧАСТКЕ

Для некоторых жителей Алматинской области день референдума совпал с...