Сот орындаушылардың өндірісінде жалпы көлемі 9 трлн теңгеден асатын 6 млн 760 642 құжат бар. Әділет вице-министрі Азамат Әмірғалиев әділет органдарының 2021 жылғы жұмысын қорытындылауға арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сот орындаушылардың өндірісінде жалпы көлемі 9 трлн теңгеден асатын 6 млн 760 642 құжат бар. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 30% көп. Шамамен 300 млрд теңге болатын 2 млн 349 166 құжат толық орындалды. Бұл – өндірістегі құжаттардың 74%-ы», — дейді министрдің орынбасары.
Сондай-ақ ол сот шешімі орындай алмай жүрген борышкерлерді жұмысқа орналастыру мәселесіне жіті көңіл бөлінгенін атап өтті. Мысалы, 2020 жылы 1 559 борышкер жұмысқа тұрғызылса, биыл бұл көрсеткіш әлдеқайда өскен.
«2 224 борышкер жұмысқа тұрғызылды. Шағымдар саны екі есе азайды», — деді Азамат Әмірғалиев.
Оның мәліметі бойынша мемлкет есебінен қызмет көрсететін 5 700 адвокат тіркелген. Бір жыл ішінде 122 мыңнан астам азамат кепілдендірілген заң көмегін алдған. Ол үшін бюджеттен 1 млрд 866 млн теңге бөлінген. Әлеуметтік жағдайы төмен 11 мыңнан астам азаматқа тегін заңгерлік көмек көрсетілген.