12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот орындаушыларға қатысты даулар тақырыбында брифинг өтті

Өңірлік коммуникациялар орталығында БАҚ өкілдерінің қатысуымен Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралған сот орындаушыларға қатысты даулар тақырыбында брифинг өтті.

Спикерлер Қызылорда облыстық сотының судьясы К.Каниева, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Г.Ж.Мырзатаева, осы соттың судьясы З.Жарылқасынова бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне ағымдағы жылы аталған категорияда қаралған істер бойынша ақпараттарымен бөлісті.

Әкімшілік сотқа түскен істердің көп бөлігі сот орындаушылардың әрекеттеріне келтірілген дауларды құрайды.

2022 жылдың 11 айының көрсеткіші бойынша соттың қарауына сот орындаушылардың әрекеттеріне дау келтіру туралы 230 іс түскен, олар бойынша 59 іс татуласу тәртімен шешілген, 40 іс бойынша шешім шықса, оның 35 қанағаттандырылған. Қайтарылған (өз арыздарына сәйкес) 63, мерзімдері өтуіне байланысты 17.

Сотқа жүгінген азаматтар мен заңды тұлғалар көп жағдайда заңның талаптарын білмегендіктен, өз құқығын қорғай алмай немесе құқығы бұзылғанын білмей қалады, шағымдану мерзімдерін өткізіп алады. Бұл категориядағы істерде көп жағдайда сотқа түскен істер бойынша тараптар банктік есеп шоттарына тыйым салынған кезде біліп, даулайды.

Шара соңында БАҚ өкілдерімен судьяларға сұрақтар қойылып, оларға тиісті жауаптар берілді.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты

2026 жылы Алматының денсаулық сақтау саласына 367 млрд теңге жұмсау жоспарланған

2026 жылы оңтүстік астананың денсаулық сақтау саласы бюджеті 367,6...

НАГРАДЫ ЗА ЧЕСТНЫЙ ТРУД

На встрече с представителями рабочих профессий, посвященной чествованию передовиков...

ЦЕНА МОЛЧАНИЯ

УШЕДШИЙ В ИСТОРИЮ 2025 ГОД ОСТАВИТ В ПАМЯТИ ГРОМКИЕ...

ВЕКТОР РЕФОРМ: ОТ СТАБИЛЬНОСТИ К РАЗВИТИЮ

5 ЯНВАРЯ 2026 ГОДА ГЛАВА ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТ ТОКАЕВ ДАЛ...

Денсаулық сақтау жүйесінің нәтижелері

Қазақстанда «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде жоспарланған...