12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

          Апостиль — құжатқа қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы қағаз немесе электрондық нысандағы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба.

          Апостильдi қою рәсiмiнiң мақсаты Гаага конвенциясына мүше-елдердiң аумағында қолдануға арналған апостиленетiн құжаттардың (сот органдарынан шығатын) түпнұсқалылығы мен дұрыс ресiмделiнуiне кепiлдiктi қамтамасыз ету болып табылады.

         Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: Электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

1) «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы;

3) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің өтініштері бойынша Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі Департаменті кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері.

Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап: порталда-1 (бір) жұмыс күні;
облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада орналасқан Мемлекеттік корпорация филиалдарының бөлімдеріне — 1 (бір) жұмыс күні;
Мемлекеттік корпорация филиалдарының басқа бөлімдеріне — 5 (бес) жұмыс күні; Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінің өтініштері бойынша – 5 (бес) жұмыс күні.

Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

        Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес, Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға уәкілетті мемлекеттік органдардың апостиль қою үшін мемлекеттік баж салығы  0,5 айлық есептік көрсеткіш (3932 теңге) мөлшерінде әр құжат үшін – 1966 теңге алынады.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) апостиль қою үшін ұсынылатын сот органдарынан шығатын ресми құжат;

4) көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат (салыстыру үшін);

5) көрсетілетін қызметті алушының тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса) өзгергенін растайтын құжаттың көшірмесі (егер өзгеріс Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, құжат тиісті ақпараттық жүйелерден талап етіледі);

6) мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда).

Портал арқылы жүгінген кезде:

1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық өтініш;

2) апостиль қою үшін ұсынылған құжаттың электрондық көшірмесі;

3) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда);

4) көрсетілетін қызметті алушының тегінің, атының, әкесінің атының (бар болса) ауысқанын растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (егер өзгеріс Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін тіркелген болса, құжат тиісті ақпараттық жүйелерден талап етіледі).

Егер азаматтық хал актілерін тіркеу Қазақстан Республикасының аумағында 2008 жылдан кейін жүргізілген болса, жеке басты куәландыратын, тегін, атын, әкесінің атын өзгерткенін растайтын құжаттар туралы, сондай-ақ мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат туралы мәліметтерді (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші және Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.

Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

                                                              Айгүл Ахметова,

                                                                 Сот әкімшілігінің Ақтөбе облысы бойынша Департаментінің бас маманы

Қылмыстық іс жүргізудегі сарапшының процессуалдық жағдайы

Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау, яғни Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексте...

Кассациялық соттың маңызы зор!

«Кеңес қылған ел азбас, кеңінен пішкен тон тозбас» дейді...

Бракоразводный процесс

Бракоразводный процесс — это юридическая процедура расторжения брака. В...

Пропускной режим

Пропускной режим-это система контроля доступа, установленная для обеспечения безопасности...

 Сот жүйесіндегі қызмет жағдайында шешім қабылдау

      Сот жүйесіндегі қазіргі жаңарған талаптар сот жұмысын ашық әрі...