spot_img
spot_img

 Сот кеңсесі — Соттың жүрегі

                Сот кеңсесі – соттың жүрегі десекте болады. Кеңсе қызметі сот жұмысының тылы, сот саласындағы жоғары сапаның кепілі. Сотқа келген азаматтарды бірінші қабылдап, жол көрсетіп, кеңес беруші де – кеңсе қызметкерлері.  Сот процесін ұйымдастырудағы кеңсе мамандарының күнделікті тіршілігін, жанкешті қызметін азаматтар біле білмейді. Арыз-шағым, материалдар сот өндірісіне түскеннен бастап, судья қарауына ұсынылғанға дейінгі жұмыстың өзі біраз еңбектен тұрады.  Одан басқа сот отырысының талапқа сай өтуі сот мәжілісі хатшыларының ерен еңбегі мен жауапкершілігіне тікелей байланысты. Сот отырысы біткеннен кейінде кеңсе қызметкерлерінің жұмысы жалғасады. 

Сол сияқты кіріс және шығыс хат –хабарларды қабылдау, есепке алу,  тіркеу , жөнелту, сонымен қатар істердің статисикасы, сот процесінің қозғалысы тағы да басқа көзге көрінбейтін күнделікті кеңсе жұмыстары біраз еңбектен тұрады.

                  Бүгінгі таңда Сот жүйесінің ескі қағидаларымен өмір сүрмей, жаңа тыныстауына бар мүмкіндік жасалды. Жаңа заманауи технологиялар кеңсе қызметінің жұмысын едәуір жеңілдетті. Атап айтқанда -заманға сай қолданысқа енгізілген  «Сот кабинеті» біріңғай сервисі;  «Төрелік» жүйесі ыңғайлы байланыс көзі.  «Сот кабинеті» Қазақстан Республикасы сот органдарының электрондық сервистеріне қол жеткізуге арналған біріңғай терезе болып табылады. Соның арқасында құжаттарды қабылдау, талап арыз-шағымдарды, істерді  автоматты түрде бөлу, сот талқылауы, сот қызметінің барлық кезеңдері тез әрі сапалы атқарылуда. Кеңсе жұмысының  жеңілдеуімен бірге, қағазбастылықтан арылуға көмегін тигізуде яғни соттар мен сот рәсімдері қазіргі заман талабына сай болуда.

Бүгінде сотта жаңа технологияларды қолданудың көмегімен сот қызметі ашық, жедел, қолжетімді бола түсті.  Жаңа технология азаматтардың сотқа келуін міндеттемей, арыз-шағымын «Сот кабинеті» арқылы үйінен, кеңсесінен шықпай-ақ жолдауға мүмкіндік беріліп отыр. Электрондық құжат айналымының біріңғай жүйесі енгізіліп, заманауи бағдарламалар арқылы, ақпараттық қызметтер көрсетіліп, сот жүйесіне деген сенімділігін одан әрі арттыруға жағдайлар жасалуда.

                  Жеке тұлғалар және олардың өкілдері, заңды тұлғалардың өкілдері «Сот кабинетінде» орналастырылған  электрондық нысандарды толтыру арқылы электрондық құжаттарды сотқа ұсынуға құқықтары бар. Сонымен қатар мемлекттік бажды онлайн  режимінде төлей алады және сот процесіне электрондық түрде жүргізуге өтінім бере алады. Бұл үшін көрсетілген адамдар «Сот кабинетіне» тіркелу арқылы, электрондық құжаттарды беру сервисінің пайдаланушысы болып табылады. Қазір Қазақстандағы сот жүйесінің ашықтығына күмән жоқ деседе болады. Әсіресе, «Сот кабинеті» сервисіне қатысты  көпшіліктің пікірі жоғары.  Соттарға енгізілген жаңа технологиялар сот ашықтығының кепіліне айналды. Осылайша  сот жүйесі құқықтық мемлекеттің қажеттілігіне және заман талабына сәйкес  тоқтамастан жетілдіріліп келеді. Бұл дегеніміз-кеңсе жұмыстары уақытылы орындалуына үлкен себеп.

                   Сот жұмысын сапалы ұйымдастыру — біздің басты мақсатымыз. Сот жүйесіне жаңадан келген жас мамандарға барлық жағдай жасалған, заманға сай жабдықтармен толық қамтылған, тек бар қойылатын талап: бірлесіп, ауызбіршілікпен заң аясында адал  қызмет атқару керектігі маңызды.

                    Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Сот жүйесіндегі жүргізіліп жатқан реформалар аталған салаға жаңадан білікті мамандарды жұмылдыруға, әділ сот төрелігін орнықтыруға тиіс»- екенін атап өтті. Мұндай шаралар ең алдымен қоғамның соттарға деген сенімін нығайту үшін жасалып отыр.

Барша міндеттерді тиімді шешу арқылы сот жүйесіндегі оң өзгерістерге қол жеткізуге болатынын және азаматтардың сотқа деген сенімі арта түсетіні рас. Осылайша сот кеңсесі соттың ішкі тірегі әрі жүрегі деп нақты айта аламын. Өз жұмысын жақсы көріп, сот жүйесіне жан ашырлықпен қарап, үлкен сеніммен қызмет еткенде ғана  бұндай жетістіктерге  жете аламыз.

                   Осы тақырыбымды аяқтай отырып, Сот саласында қызмет етіп келе жатқан барлық әріптестерімді 24 ші маусым — «Судья және сот қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен» шын жүректен құттықтаймын. Еңбек жолында  қанаттарыңыз талмай, мамандықтарыңыздың ең жоғарғы шыңына шығып, мәртебелеріңіз өсе берсін деген тілек айтамын! Еліміздің сот жүйесін дамытуға белсене атсалысып, сот төрелігін жүзеге асыруда абырой мен сенімнің биігінен көріне беріңіздер!

Алматы облысы

Қонаев қалалық сотының бас маманы:

Әділетова Құралай Әділетқызы.

Как грамотно ссылаться на законы?

ПО ДАННЫМ БЮРО НАЦИОНАЛЬНОЙ СТАТИСТИКИ АГЕНТСТВА ПО СТРАТЕГИЧЕСКОМУ ПЛАНИРОВАНИЮ...

Высокая миссия – быть миротворцем

СОВРЕМЕННОЕ ОБЩЕСТВО СТАЛКИВАЕТСЯ СО МНОЖЕСТВОМ КОНФЛИКТОВ И РАЗНОГЛАСИЙ, КОТОРЫЕ...

Уважаемые коллеги!

ОТ ИМЕНИ СОЮЗА СУДЕЙ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ПОЗДРАВЛЯЕМ ВАС С...

В свете Гаагской конвенции 

В АЛМАТИНСКОМ ГОРОДСКОМ СУДЕ СОСТОЯЛАСЬ ВСТРЕЧА С ПРЕДСТАВИТЕЛЕМ ПОСТОЯННОГО...

Құқықтық сауаттылық – қауіпсіз болашақтың негізі

             Қазіргі қоғамда азаматтардың құқықтық сауаттылығы – елдің...