12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот кабинеті − тиімді жүйе

Қызылорда қалалық соты Сот ісін жүргізу процесінде ақпараттық технологияларды тиімді қолданып келеді. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты әзірлеген «Сот кабинеті» электронды форматы өз тиімділігін көрсетуде.
Сот құрылымында қолға алынған заманауи технология − ең алдымен халыққа сот жүйесінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамассыз ету мақсатында жасалып отыр. Сот кабинетінің негізгі мақсаты – азаматтар мен уәкілетті органдарға Сот кабинеті сервисінің жаңа мүмкіндіктерін, қолдану барысын түсіндіру. Осы «кабинет» арқылы сотқа электронды түрде талап-арыз, шағым, өтініш беруге, тіпті мемлекеттік баж салығында онлайн режимде төлеуге, сот құжаттары мен жалпы сот ісіне қатысты барлық құжатты қадағалап отыруға болады.
Қалалық сотқа жыл басынан бері 5142 өтініш онлайн түскен.
шығыс құжаты 7 995. Байқағандарыңыздай шығыс құжаты көп.
Себебі жауапкер немесе талапкерлер сот кабинеті арқылы пікір, қарсы талап-арыз, сот процесінің хаттамасына ескертулер, атқару парағын жолдау туралы өтініш, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыз, сот актілерінің көшірмелерін беру туралы арыз және осы секілді басқа да өтініштерді бере алатынын біле бермейді. Үйден шықпай-ақ өз ісіңізге қатысты барлық құжатпен таныса аласыз. Бұл уақытты тиімді пайдалануға сеп.
Халықтың сотқа деген сенімін одан сайын арттыру мақсатында осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Нұргүл Райкулова,
Қызылорда қалалық сотының бас маманы,
сот отырысының хатшысы

Еліміздің Ата Заңына 30 жыл!

Биыл Ата заңымыздың қабылданғанына – 30 жыл. Қазақстан Конституциясы...

Сот кабинетінің ерекшелігі

Қазіргі уақытта ғылым мен техника қарыштап, дамыған елдерде қағазбастылықтан...

Қарамола ережесі: Абайдың әділетпен өрілген аманаты

Бүгінгі мақаламда, ұлы ақын, ойшыл ғалым, әрі ағартушы Абай...

АРЫЗ АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕТІК БІЛЕТІН ТІЛІНДЕ ӘЗІРЛЕНУ КЕРЕК

Қазақ тілінің әкімшілік сот ісін жүргізуде Әкімшілік рәсімдікпроцестік кодекстің...

Рақымшылық – Конституцияның 30 жылдығына арналған ізгілік актісі

Қазақстан Республикасы өзінің Тәуелсіздік тарихындағы маңызды белестердің бірі –...