Негізгі заң Қазақстан Республикасының Конституциясында қазақ тілі –мемлекеттік тіл. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу кезінде ойды жеткізе отырып, қатесіз хат жазуға назар аударылған жөн.
Мемлекеттік тілдің беделді бейнесін көтеріп, сөздік қорды дұрыс пайдалану. Сонымен қатар әр бағытта қолданылатын термин сөздерді де білу. Ал, мемлекеттік тілді насихаттау және дамыту бағытында жұмыстар жүргізу, жүйесін құру бойынша жоспарлардың тапсырмаларын орындау арқылы тіл міртебесін көтеру, жоспар тапсырмаларының сапалы орындалуынан шығатын нәтижелі іс.
Сондықтан, іс қағаздарын жазу кезінде сөз мәтінін дұрыс жеткізе білудің өзі, хаттың сапалығын көтереді. Сонымен қатар хат жазу кезінде әрбір сөзде қойылатын белгілер де сөздің мағына әсер етеді.
Терминдерді қолданған кезде де іс қағаздарына қолдануға болатын, яғни аударылымы дұрыс терминдерді қолдану қажет.
2024 жылдың 11 айында кіріс құжаттар саны-7839, қазақ тілінде-5580, орыс тілінде-2259, яғни -71%, шығыс құжаттар саны- 5815, қазақ тілінде-5810, орыс тілінде-5, яғни ‑ 99,9 %, Ішкі құжаттар саны- 1233, қазақ тілінде-1233, орыс тілінде-14 құжаттың тілі өзгертілмеуіне байланысты, яғни- 100 %.
Көріп отырғандарыңыздай, кіріс құжатының қазақ тіліндегі үлесі ең төмен көрсеткішті көрсетіп отыр. Мұның басты себебі — себебі адвокаттарға жүгінген азаматтарға ресми тілінде тез жазып бере салу жиі кездеседі. Міне, осындай туындаған жағдайлар салдарынан азаматтық істер бойынша ресми тіліндегі істер азаймай отыр.
Мемлекеттік мекемелерінен мемлекеттік тілде жолданған іс қағаздары –мемлекеттік мекеменің беделін де көтеретіні анық.
Нақты уақытта көптеген әкімшілік, азаматтық, қылмыстық сот процесстерінің басым көпшілігі мемлекеттік тілде жүргізілетіндігін ерекше атап өтуге болады. Заң кеңестері де қазақша түсіндіріліп жатады.
Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою берілген тілге байланысты сот үйғарымымен белгіленеді. Сол бір азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады.
Істі сот талқылауына дайындау кезінде екі тараптың да жазбаша өтінішхаты бойынша сот ұйғарыммен сот ісін жүргізу тілін өзгертуге құқылы.
Егер істі бірінші сатыдағы сотта қарауға дайындау барысында талап қоюшының өз өкілі талап қою берген тілді білмейтіні анықталса, онда сот талап қоюшының жазбаша өтінішхаты бойынша сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы ұйғарым шығарады.
Сот жүйесіндегі мемлекеттік тілдің дамуы — сот төрелігін жүзеге асырудағы басты аспектілердің бірі болып табылады.
Маңғыстау облысының кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының
Сот әкімшісінің басшысы
Айжамал Нұрболатқызы