12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот ісін жүргізудегі мемлекеттік тілдің рөлі

Тарихтың қатпарлы беттерін парақтасақ, қаншама тар жол, тайғақ кешулерден аман өткен халқымыз бен азаттықты аңсаған бабаларымыздың асқақ арманы орындалып, бүгінде тіліміздің тұғырлы, тәуелсіздігіміздің ғұмырлы болғанын тілеп отырған бақытты елміз. Осыдан 36 жыл бұрын, яғни 22 қыркүйек 1989 жылы қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болып «Тіл туралы» заң қабылданды. Кейін, егемендік алған соң 1995 жылы Ата заңымыздың 7 бабына сай, «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл» болып айқындалды.

Әрі қарай – 1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» заң қабылданып, республика аумағындағы тілдерді қолданудың құқықтық негіздері, барлық тілдерге бірдей құрметпен қарау қамтамасыз етіліп, мемлекеттік қазақ тіліміздің мәртебесі белгіленген болатын. Еліміздің егемендік алуы мен аталған заңның қабылдануы мемлекеттік тіліміздің қолдану аясының барынша кеңеюіне даңғыл жол ашып берді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 14-бабының талаптарына сәйкес сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді.

Қылмыстық сот iсiн жүргiзу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 30-бабының талаптарына сәйкес қазақ тілінде жүргiзiледi, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал қажет болған кезде басқа тiлдер де қолданылады деп көрсетілген.
Заңнамаға сәйкес сот ісі жүргізіліп отырған тілді білмейтін немесе жеткілікті дәрежеде білмейтін іске қатысатын адамдар ана тілінде немесе өздері білетін басқа да тілде мәлімдеме жасау, түсініктер беру, сотта сөз сөйлеу құқықтарымен қамтамасыз етіледі.
Қазақ тілінің мерейін асқақтатып, мәртебесін көтеру мақсатында атқарылып жатырған жұмыстарды жіпке тізгендей санамалап беруге болады.

Дей тұрғанмен, еліміздің егемендік алып, тәуелсіздік тәжін кигелі ширек ғасырға жуық уақыт өтсе де, қаншама жұмыстар жасалынып жатырса да, мемлекеттік тіліміздің дәрежесін Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін құрметтей отырып, қазақстандық біртектілік пен бірлікті нығайтудың аса маңызды факторы ретінде оның кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету деген биік мақсатқа әлі жетпегеніміз хақ.

Сондықтан да, кезек күттірмейтін, ат үсті қарап айналып өтуге келмейтін тағдырлы мәселелер қатырында Қазақстанның мемлекеттілігін айқындаған, ата заңымызда мемлекеттік тіл мәртебесі берілген қазақ тілінің тұрғандығы айқын. Әр халықта тіл сөйлеу мен ойды жеткізудің құралы ғана емес, өзге елдердің алдында дәрежесін айқындап, тарихынан хабар беретін, еңсесін биік көтеріп, болшағына болжам жасайтын қастерлі де, қасиетті тұғырлы қаруы екені мәлім.

Қазақ тілі ерте кезден-ақ оралымды ырғақты, аса қуатты, бай тіл. Ол жан дүниеміздің айнасы, тәуелсіздігіміздің айғағы іспетті. Ендеше, жоғарыда тілге тиек еткендей, татулық пен тұрақтылықтың негізіндей болған туған тіліміз тұғырлы, тәуелсіздігіміздің ғұмырлы болуы мен тіл мерейінің жоғарылауы жолында баршамызға бірігіп әрекет ету қажеттілігі туындап отыр.

Ақтөбе облысының мамандандырылған
ауданаралық әкімшілік сотының
бас маман-сот отырысының хатшысы
Қ.А.Қувандикова

Нәзік жандылардың құқығы әрқашанда қоғам назарында

Қазақ халқында нәзікжандыларға деген құрмет ежелден жоғары. Ата-бабаларымыз қыз...

Тәуелсіздік – тұғырым!

Тәуелсіздік бізге ұлттық, аймақтық және жаһандық өлшемде шексіз жауапкершілік...

Сотрудники УИС почтили память жертв декабрьских событий

В учреждении максимальной безопасности ДУИС по области Абай в...

Министерство промышленности и строительства продолжает ускорять цифровую трансформацию отрасли

12 декабря в Астане прошла рабочая встреча заместителя Премьер-Министра...

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі саланың цифрлық трансформациясын жеделдетуді жалғастыруда

12 желтоқсанда Астанада Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және...