12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Сот ісін жүргізудегі мемлекеттік тіл

Қазақстан – құқықтық мемлекет. Құқық үстемдігі мен әділ сот төрелігін қамтамасыз ету – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Бұл ретте сот ісін жүргізудегі мемлекеттік тілдің рөлі ерекше. Мемлекеттік тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, елдің тәуелсіздігі мен тұтастығының, ұлттық бірегейлігінің айқын көрінісі.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Сондықтан сот жүйесінде іс жүргізу, құжат айналымы және сот отырыстары, ең алдымен, мемлекеттік тілде жүзеге асырылуы тиіс. Бұл талап азаматтардың заң алдындағы теңдігін сақтауға және олардың құқықтарын толыққанды қорғауға мүмкіндік береді.

Сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу – халықтың сот төрелігіне деген сенімін арттырады. Тараптар сот процесінің мазмұнын ана тілінде түсініп, өз уәждерін еркін жеткізе алады. Бұл, өз кезегінде, сот шешімінің әділ әрі ашық қабылдануына ықпал етеді. Сонымен қатар, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту – тіл саясатын жүзеге асырудың маңызды бағыты.

Дегенмен, тәжірибеде кейбір қиындықтар да кездеседі. Атап айтқанда, құқықтық терминологияның бірізді қолданылмауы немесе аударма сапасының төмендігі сот процесінің сапасына әсер етуі мүмкін. Сондықтан заң саласындағы мамандардың мемлекеттік тілді жетік меңгеруі, кәсіби біліктілікті арттыру курстарының жүйелі түрде ұйымдастырылуы – уақыт талабы.

Сот ісін жүргізу тілінің мәні өте зор, өйткені сот ісін жүргізу тілі қағидатын іске асыру арқылы азаматтардың қай ұлтқа қарамастан сот алдындағы теңдігі қамтамасыз етіледі. 

Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізу қазақ тілінде жүргізіледі, сонымен бірге орыс тілі ресми түрде қолданылады, қажет болған жағдайда басқа тілдер де қолданылады. Басқа тілдерді қолданудың қажетті жағдайларына іс жүргізу әрекеттерін орындау және белгілі бір тілде шешімдер қабылдау сот ісін жүргізуге қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ететін жағдайлар кіреді. Сондықтан, сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу және қажет болған жағдайда басқа тілдерді қолдану түсініктерін теңестіріп қарауға болмайды. Құқықтық тұрғыдан сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу нормасы жоғары тұруы тиіс. Қазақстанда сот ісін жүргізу тілі қазақ тілінде деп нақты айту қажет. Қазақстан унитарлық (біртұтас) мемлекет. Ендеше, сот ісін мемлекеттік тілде жүргізу үшін ешқандай қысыр сөз, дау-дамай туындамауы керек. Жалпы, бұл мәселе Жоғарғы Сот тарапынан тұрақты бақылауда. Сондықтан, бірінші сатыдағы соттардың сот төрелігін жүзеге асырудағы қызметін тексеру барысында істерді мемлекеттік тілде қарау барысы тексеріліп тұрады.

Демек, тіл мәселесі тек сот саласын ғана емес, барлық салаларды қамтыған кезде одан әрі дамып, өркендейтіні анық. Әрбір қазақстандық осы мақсатқа жетіп, өзінің азаматтық жауапкершілігін түсінген кезде, бұл өзекті мәселе өздігінен шешілетініне сенімдіміз.

Бүгінде сот органдарында мемлекеттік тілдің үлесі артып келеді. Көптеген іс қағаздары қазақ тілінде рәсімделіп, сот отырыстары да мемлекеттік тілде өтуде. Бұл – тіл мәртебесін нығайтудың нақты нәтижесі.

Қорытындылай келе, сот ісін жүргізудегі мемлекеттік тіл – әділдік пен заңдылықтың кепілі. Мемлекеттік тілді сот жүйесінде кеңінен қолдану – ел болашағына, құқықтық мәдениеттің дамуына қосылған маңызды үлес. Әрбір азамат пен заң қызметкері мемлекеттік тілдің абыройын асқақтатуға өз үлесін қосуы тиіс.

Мұғалжар аудандық сот әкімшісінің жетекші маманы А.Н.Жаксыбаева

Жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді әдістері

Құқықтық мемлекет құру жолында жемқорлықпен күрес – ең өзекті...

2 наурызда Мемлекеттік күзет қызметіне үміткерлерді іріктеу басталады

2 наурызда барлық аймақтардағы жергілікті әскери атқару органдарында Қазақстан...

Татуласу рәсімдерінің құқықтық негіздері және оларды жүргізу тәртібі

Бүгінгі таңда соттарда қолданылатын медиацияның мақсаты дауды (жанжалды) шешудің...

Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет

Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің мәртебесін биіктетуге міндеттіміз....

В РУСЛЕ ЗАЩИТЫ ПРАВ И СВОБОД

Обсуждение проекта новой Конституции в январе-феврале 2026 года стало...