Сот Бақытбек Есентаевты мерзімінен бұрын босату туралы өтінішті мақұлдады

Сот Бақытбек Есентаевтың мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтінішін мақұлдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қапшағай қалалық сотына сілтеме жасап. 

Танымал продюсер Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев 2016 жылдың маусым айында әйеліне пышақ жарақатын салып, өміріне қол сұққаны үшін сотталған еді. Алматы облыстық қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған соты сол жылдың 3 қарашасында Есентаевты 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Жазасының үштен екі бөлігін өтегеннен кейін Есентаев сотқа мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтініш берді. 

Сот кезінде прокурор Есентаевтың өтінішін мақұлдауды сұрады. Сол сияқты сотталған Есентаев пен оның адвокаты арызды қанағанттандыруды өтінді. Зардап шеккен Баян Алагөзова мен оның өкілі Бақытбек Есентаевтың ерте босап шығуына қарсылық білдірген жоқ.

Сондай-ақ, сот хабарламасында Есентаевтың жасаған ісіне өкінетіні айтылған. Соттың шешімімен, Есентаев 756  269 теңге көлеміндегі процессуалды шығындарды өз еркімен өтеген.

“Қапшағай қалалық сотының 2022 жылдың 12 шілдесіндегі шешімімен, Бақытбек Есентаевты мерзімінен бұрын босату тұралы өтініш мақұлданды”, – деп хабарланды соттан.

Үкім заңдық күшіне әлі енген жоқ.

О правовой определенности и равенстве участников государственных закупок

В практике административных судов возникают споры, связанные с достоверностью...

Сот жүйесіндегі тәлімгерлік –кәсіби қалыптасу мен сапалы сот төрелігінің негізі

Сот жүйесінің тиімділігі, ең алдымен, судьялардың кәсіби біліктілігіне, қабылданатын...

Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді биік қоюы – уақыт талабы

Мемлекеттік тіл – еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің басты нышандарының...

Қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтау – әрбір азаматтың міндеті

Қоршаған ортаның тазалығы мен қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау –...

Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді биік қоюы – уақыт талабы

Мемлекеттік тіл – еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің басты нышандарының...