«Сот актілерінің орындалу барысын анықтау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен «Сот актілерінің орындалу барысын анықтау» тақырыбы бойынша сот төрағасы Д.Мәуленовтің төрағалығымен «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға сот әкімшісінің басшысы Ж.Шыршықбаев, соттың мемлекеттік қызметкерлері және Жамбыл облысы бойынша жеке сот орындаушылар өңірлік палата басшысының орынбасары Б.Пралиев қатысты.

«Дөңгелек үстел» барысында сот актілерін ұзақ орындалмауы, айыппұлдарды өндіріп алу бойынша қылмыстық, азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша істерінің сұрақтары талқыланып, әсіресе азаматтық істер бойынша мемлекеттік бажды мемлекет пайдасына өндіріп алу бойынша сот актілерінің орындалмау мәселелері қозғалды.

Д.Мәуленов өз сөзінде сотпен жолданған атқару парақтарының сот орындаушылармен негізсіз қайтару фактілері, әсіресе шұғыл орындауға жататын кәмелетке толмаған балаларды асырау үшін алимент өндіру бойынша орын алуы жайлы айтып өтті.

Өткізілген «дөңгелек үстел» соңында қатысушылар бір-бірімен пікір алмасып, осы бағыттағы жұмысты жандандыру қажеттілігі туралы қорытындыға келді.

Өз тілшіміз

 

Задачи административной юстиции

1 июля 2021 года введен в действие Административный процедурно-процессуальный...

Будущим юристам показали работу уголовно-исполнительной системы изнутри в области Абай

В области Абай сотрудники учреждения максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной...

Сот жүйесінде электронды цифрға өтудің маңыздылығы

Қазіргі кезеңде ақпараттық технологиялардың дамуы сот жүйесіне де елеулі...