spot_img
spot_img

Сотқа тараптарды шақыру тәртібі

Тараптарды сот отырысына шақырып, оны ұйымдастыру хатшының тікелей міндеті. Бұны өз деңгейінде орындау сот отырысының хатшысының біліктігіне байланысты.
Сот отырысының хатшысы істі дайындаған кезде жауапкерге және процеске басқа да қатысушыларға арыз көшірмелерін, сот талқылауына шақыруды, арызды қарау нәтижелерін ұялы байланыс абоненттік нөміріне немесе электрондық адресіне жіберуді көздейтін талапкердің арызы бойынша талонды толтыруды ұсынады. Қарауға тағайындалған істер бойынша сот отырысыныц хатшысы процеске қатысушыларды және үшінші тұлғаларды, куәларды, сарапшыларды, мамандарды, аудармашыларды шақыру туралы соттың шақыру кағаздарын жібереді. Соттың шақыру кағазында сот отырысының өтетін уақыты (сағаты, күні) мен орны көрсетіледі. Қорғаушылар мен прокурорға жазбаша турде хабарланады.

Сот отырысының хатшысы сотқа шақыру қағаздарының алынғанын
куәландыратын қолхаттардың қайтарылуын, ұялы байланыс абоненттік нөмірі бойынша, электрондық адрес бойынша, СО АЖ арқылы жіберілген электрондық хабарламалардың жіберілуін бақылайды.

Жауапкердің немесе процеске басқа да қатысушының қарсылықтары болмаған жағдайда талапкердің арызы бойынша талон беріледі, оның түбіртегі арызға қоса тіркеледі.

Талапкердің арызы бойынша талонды қалыптастыру және беру арызды тіркеу туралы талонды беру және электрондық хабарландыруларды жіберу туралы пайдаланушы нұсқаулығының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Сот хабарландырулары мен шақырулар почта, (ГЭП), курьер, телеграф, факсимильды байланыс, ұялы байланыс абоненттік нөмірі, электрондық құжат айналымы жүйелері, немесе хабарландыруды не шақыруды қамтамасыз ететін өзге байланыс құралдары пайдалану арқылы жіберіледі.

Хабарландыру нысанын таңдау кезінде шықырылып отырған адамның сотқа келуін қамтамасыз ететін және сот хабарландырулары мен шақырулардың қайталануын болдырмайтын барынша оңтайлы нұсқасы пайдаланылады. Сот шығыстарын оңтайландыру мақсатында процессуалдық мүмкіндік болған кезде сот шақырулары мен басқа сот хат-хабарларын бөлек жіберуге жол берілмейді.

Сот хабарландырулары мен шақыру қағаздары сот отырысында істі талқылау тағайындалғаннан кейін істі тыңдау қандай мерзімге тағайындалғанына қарамастан келесі күннен кешіктірілмей дайындалып, жіберілуге тиіс. Басты сот талқылауын тағайындау туралы шешім қабылданған алдын ала тыңдауда қаралған істер бойынша сотқа шақырулары тыңдаудан кейінгі келесі күннен кешіктірілмей жіберіледі.
Қазақстан Республикасынан тыс жердегі адам Қазақстан Республикасының аумағында процестік әрекеттерді жүргізу үшін, құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салудың (тапсырманың, өтінішхаттың) негізінде шақыру қағазымен шақыртылады. Мұндай адам шақырту туралы күнібұрын хабардар етіледі.

Күдіктіден, айыпталушыдан, сотталушыдан және сотталған адамнан басқа, шақыртылған адамға шақыруға байланысты шығыстардың мөлшері және оларды өтеу тәртібі туралы хабарланады.

Қазақстан Республикасынан тыс жерде жүрген, шақырту бойынша келген куә, жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер, олардың өкілдері, сарапшы өзінің азаматтығына қарамастан, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенге дейін орын алған іс-әрекет үшін немесе үкімдердің негізінде Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды, күзетпен қамауға алынбайды немесе оларға басқа да процестік мәжбүрлеу шаралары қолданылмайды.

Шақыртылған адам, егер ол қылмыстық процесті жүргізетін органның оның қатысуымен процестік әрекеттерді жүргізудің қажеті жоқтығы туралы жазбаша хабарламасын алған кезден бастап он бес тәуліктің немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген өзге мерзімнің ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпесе, немесе егер ол осы жерге өз еркімен қайтып келсе, осы бапта көзделген кепілдіктерден айырылады. Осы адам мүмкіндігі болып тұрса да, өз кінәсіне байланысты емес себеппен Қазақстан Республикасының аумағынан кете алмаған уақыт бұл мерзімге есептелмейді.

Шақырту туралы тиiсті түрде хабарланған адамның келмеуiнiң дәлелдi себептерi болып: адамды келу мүмкiндiгiнен айырған ауруы, жақын туыстарының қайтыс болуы, дүлей зілзала, адамды белгіленген уақытта келу мүмкiндiгiнен айыратын өзге де себептер танылады. Күдікті, айыпталушы, сотталушы, сондай-ақ куә және жәбiрленушi шақыру бойынша белгіленген мерзiмде келуге кедергi келтiретiн дәлелдi себептер туралы өздерiн шақырған органға хабарлауға мiндеттi.

Қызылорда қаласының
мамандандырылған тергеу сотының
бас маман-сот отырысының хатшысы: О.Сейсентаев

Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар

Сот жүйесін жаңартуға бағытталған жаңашылдықтар жүйелі жүзеге асып, соттар заманауитехнологиялармен жұмыс жасауды кеңінен қолға алды. Соңғы жылдары сот жүйесі заманауи ақпараттық технологиялар арқылы электронды...

Неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар артуда

Расында, өкінішке орай қазіргі таңда неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулар...

Құқықтық ликбез — соттан тыс банкроттық

2023 жылғы 3 наурыздан бастап «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем...

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Тәуелсіздігіміздің тірегіне, азаттығымыздың алтын тамырына айналған Ата заңның қолданысқа...

Соблюдение этических норм – основа независимости судьи

Принятие Кодекса этики судей имеет большое значение для судебной...