12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сотқа құрмет көрсетпегендерге жауаптылық бар

Қазақстан Республикасының бас құжаты — Конституцияда судьялардың қызметі мен мәртебесі нақты айқындалған. Ата заңның 77-бабында көрсетілгендей: «Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады». Сонымен бірге осы баптың екінші бөлігінде дәйектелгендей: «Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады» делінген.

Сот — ақ пен қараны ажыратып, тура төрелікке кепіл болып отырған, мемлекет атынан үкім шығаратын мәртебелі орын. Сондықтан әділдікке қол жеткізу үшін сот жұмысына араласуға да, сот жұмысына кедергі келтіруге де ешкімнің құқығы жоқ.

Ақиқат айтылатын, әділдік салтанат құратын сот мәжіліс залында ортақ тәртіпті сақтау міндет. Процеске қатысушылар сот мәжіліс залында белгіленген ережелерді қатаң ұстанады. Сот отырыстарына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оқыс жағдайлар орын алмауы үшін сот приставтары сотқа келушілерді төлқұжаттарымен тіркеп, ғимаратқа қауіпті заттарды алып кіруіне шектеу қояды.

Сотта істі қарау барысында кедергі жасау, сотқа және төрағалық етушінің өкімдеріне құрметтемеушілікті анық куәландыратын өзге де іс-әрекеттер білдіру сот отырысының тәртібін бұзу ретінде танылатынын ұмытпауымыз керек. Кейде сотқа құрмет білдірмеуді заңды білмегендіктен жасадық деп ақталатындар бар. Олар өз сөздерінің сот шешіміне тікелей әсер ететінін, сот шақыртуына келмесе сот отырысын кейінге қалдыруға тура келетінін түсіне бермейді. Ал сот отырысын кейінге шегеруге себеп болған азаматтың залалы басым. Өзіне бейкүнә көрінген осы ойсыз әрекеті арқылы мұндай жауапсыз азаматтар сол күнгі шаруасын тастап сот отырысына келген қаншама азаматтың жұмысына кедергі келтіреді, уақытын еш етеді. Міне сондықтан да судьялар сот шақыртуына себепсіз келмеген азаматтарға сотқа құрметтемеушілік танытқаны үшін жауаптылық белгілей алады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабына сәйкес, процеске қатысушылардың және өзге де адамдардың қатысуынсыз соттың iстi одан әрi қарауы мүмкiн болмайтын жағдайларда, олардың шақыру қағазы, хабарлау, хабардар ету немесе шақыру бойынша сотқа дәлелді себептерсіз келмеуінен, сот отырысында төрағалық етушiнiң өкiмдерiне бағынбаудан, сотта белгіленген қағидаларды бұзудан көрiнген сотты құрметтемеушiлiк, сондай-ақ сотты және (немесе) судьяны құрметтемеушiлiк туралы анық көрінетін өзге де әрекеттер (әрекетсiздiк) үшін жауаптылық көзделген. Мұндай әрекет үшін құқық бұзушыға ескерту жасау не жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салу не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза белгіленеді. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап

жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк), отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

Асель Утепова,

Алматы қаласы

Әуезов аудандық №2 сотының судьясы

Қайырымдылық асыл қасиет!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қайырымдылық, волонтерлік, меценаттық секілді әрекеттерді...

В Алматы в рамках акции «Таза Казахстан» запущено молодежное движение «ЭкоРейнджеры»

В рамках общенационального проекта «Таза Казахстан» создан отряд «ЭкоРейнджеров»,...

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында «ЭкоРейнджерлер» қозғалысы құрылды

Алматыда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында, «ЭкоРейнджерлер» жасағы құрылып,...

Молодежь города Алматы поддержала акцию «Таза Қазақстан»

В Алматы состоялся масштабный субботник в рамках общенациональной экологической...

Алматы жастары  «Таза Қазақстан» акциясын қолдады

Алматы қаласында "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясы аясында өткен ауқымды...