Сот өндірісінде мемлекеттік тілді қолдану

          Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, оның мәртебесін нығайту – бұл әрбір азаматтың парызы. Сот өндірісі – қоғамдағы құқықтық қатынастарды реттейтін, дауларды шешетін маңызды мемлекеттік институт. Сол себепті, сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану мәселесі ерекше назар аударуды талап етеді.

           Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік тілдің мәртебесін айқындап, оның мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және басқа да ұйымдарда қолданылуын қамтамасыз етуді мемлекеттің міндеті деп белгілейді.

          «Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің» 14-бабында: Азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу қазақ тілінде жүргізіледі, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал заңда белгіленген жағдайларда басқа тілдер де қолданылады. Сот іс жүргізуде мемлекеттік тілді білмеген немесе жеткіліксіз білген жағдайларда, сондай-ақ іс жүргізуге басқа тілдерде сөйлейтін адамдар қатысқан жағдайларда, аудармашының қызметтері пайдаланылады». Бұл бап сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілдің басымдылығын нақты айқындайды.

           Сонымен қатар, «Тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттік тілді қолданудың негізгі қағидаттары, мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және лауазымды тұлғалардың мемлекеттік тілді білуге міндеттілігі туралы ережелер қамтылған. Бұл заңдар сот қызметкерлері мен судьялардың мемлекеттік тілді еркін меңгеруі қажеттілігін көрсетеді.

           Соңғы жылдары сот жүйесінде мемлекеттік тілді қолдану қарқынды дамып келеді. Сот актілері, іс қағаздары, сот отырыстарының хаттамалары мемлекеттік тілде жүргізілуде. Көптеген судьялар мен сот қызметкерлері мемлекеттік тілде еркін сөйлейді және жазады. Бұл – оң үрдіс.

           Мемлекеттік тілді білмеген азаматтардың өз құқықтарын толыққанды қорғай алуы үшін, сот органдары тарапынан қосымша жағдайлар жасалуы керек. Оның ішінде, ақпараттық материалдардың мемлекеттік тілден өзге тілдерге аударылуы, аударма қызметтерінің қолжетімділігі.

           Судьялар мен сот қызметкерлеріне арналған мемлекеттік тілді оқыту курстарын жүйелі түрде өткізу, олардың тілдік біліктілігін үнемі арттыру.

           Заң саласындағы қазақша терминдердің жинағын жасау, оны сот практикасында бірыңғай қолдануды қамтамасыз ету.

           Сот жүйесінде кәсіби аудармашылардың штатын көбейту, олардың біліктілігін арттыру.

          Сот отырыстарында электрондық аударма құралдарын, аудио-бейне жазбаларды пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру.

          Сот жүйесінің қызметі туралы ақпараттық материалдарды мемлекеттік тілде кеңінен тарату, азаматтардың мемлекеттік тілді қолдану құқықтары туралы хабардарлығын арттыру.

          Сот өндірісінде мемлекеттік тілді қолдану – бұл тек заң талабы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттілікті нығайтудың, ұлттық мәдениетті сақтаудың маңызды факторы. Бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі күшейту, кездесетін қиындықтарды жүйелі түрде шешу арқылы ғана сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін арттырып, азаматтардың құқықтық сенімділігін нығайтуға болады. Мемлекеттік тілдің сот ісін жүргізудегі рөлінің артуы – әділ және заң үстемдігіне негізделген қоғам құру жолындағы маңызды қадам.

Мұғалжар аудандық сотының

судьясы Н.У.Кадиров

Меры принудительного исполнения в Республике Казахстан

Исполнение судебных актов — важнейший этап восстановления нарушенных прав...

ДИВЕРСИФИКАЦИЯ В ДЕЛЕ? КАК КАЗАХСТАН ПЕРЕСТРАИВАЕТ ЭКОНОМИКУ

Вчера публиковал интересную информацию по инвестиционной активности за последние...

Ескертуді елемеген: ҚАЖ мекемесіне 23 450 теңге алып өтпек болған

Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты...