Сорбұлақта әскери тікұшақ жоғалғанына 11 күн өтті: қазір не белгілі?

Алматы облысында әскери тікұшақ жоғалғанына 11 күн өтті. Қорғаныс министрлігі қазіргі ахуалды айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

11 тәуліктен бері жүргізіліп жатқан іздестіру-құтқару жұмыстарына жеке құрамның 330-дан аса адамы, 59 автомобиль техникасы, 23 жүзу құралы, 12 ұшқышсыз ұшу аппараты, сондай-ақ, эхолоттар, георадарлар, авиация және кинологиялық есептоптар тартылған.

Қорғаныс министрлігінің мамандарынан бөлек, іздеуге Төтенше жағдайлар министрлігі, Ішкі істер министрлігі және басқа да мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлері қатысып жатыр.

Осы оқиға бойынша арнайы комиссия құрылған. Комиссияның бір бөлігі іздестіруге жұмылдырылған, тағы бір бөлігі оқиғаны тергеп жатыр.

«Комиссия әуе кемесін дайындау және пайдалану жөніндегі құжаттарды, құқық қорғау органдары мен авиациялық қызметтердің материалдарын, тікұшақ бағытындағы метеорологиялық және орнитологиялық жағдайды, басқа да факторларды зерделеп жатыр», – деді Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, авиация генерал-майоры Асқар Ізбасов.

Ведомство мәліметінше, іздеу жұмыстары жоғалған тікұшақтың экипаж мүшелерінің тағдыры, қайғылы жағдайға әкеп соққан себептер анықталғанға дейін жалғасады.

Еске салайық, 25 шілдеде Алматы облысында EC-145 әскери тікұшағы радардан жоғалып кетті. 26 шілдеде тікұшақтың сынықтары Сорбұлақ көлінен табылды.

“Наурызды жазда өлтіріп көмген болуы мүмкін“. Жоғалған отбасыға қатысты тағы бір дерек шықты

Атырау облысында жоғалған отбасыға қатысты қанды қылмыстың мән-жайы белгілі болды.

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатты

Әуе компания мәліметінше, наурыздың аяғына дейін Дубайға рейстер тоқтатылған.

IBF боксшы Жәнібек Әлімханұлын әлем чемпионы атағынан айырды

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырды.

Референдум алдындағы тыныштық күні не істеуге болмайды?

Қазақстандықтарға Конституция бойынша референдум алдындағы тыныштық күнгі жауапкершілік туралы ескертілді.

Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды  

Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты жүргізілген эвакуация басталғалы бері 8585 қазақстандық елге қайтарылды.