Солтүстік Аралға миллиардтаған текше метр су жіберілді

2023 жылдан бүгінге дейін Солтүстік Аралдағы су көлемі 24,1 млрд текше метрге жеткен. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігі мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Министрлік мәліметінше, осы уақыт ішінде теңізге 5 млрд текше метр су жіберілген. 2025 жылы теңіздегі су көлемін 20,6 млрд текше метрге жеткізу көзделген. Бастапқы жоспар бойынша 2030 жылға қарай Солтүстік Аралдың көлемі 27 млрд текше метрге жетуі керек.

«Қазір Дүниежүзілік банктің гранты есебінен Солтүстік Аралды сақтау жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр. Жергілікті тұрғындардың пікірін ескеріп, Ақшатау және Қамыстыбас көл жүйелеріндегі су деңгейін тұрақтандыру үшін су торабын салып, Көкарал бөгетін 2 метрге ұлғайту нұсқасы қарастырылып жатыр. Жоба Солтүстік Аралдағы судың көлемін арттыруға және сапасын жақсартуға, Сырдария өзенінің атырауын қалпына келтіруге, теңіз түбінен тұзды шөгінділердің ұшуын азайтуға, Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамытуға және жергілікті халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған», — деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Еске салайық, бұған дейін Арал теңізіне 1 млрд текше метр су жіберілді. 

Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Таяу Шығыстан 8585 қазақстандық елге қайтарылды  

Таяу Шығыс елдеріндегі жағдайға байланысты жүргізілген эвакуация басталғалы бері 8585 қазақстандық елге қайтарылды.

Қазақстанда биыл қанша баспана салынатыны белгілі болды 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында елдегі тұрғын үй құрылысының көрсеткіштері туралы баяндама жасады.

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Сарапшы Қазақстанға төнетін қауіп жайлы айтты 

Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі және Әзербайжанның Нахичевань қаласындағы әуежай аумағына ұшқышсыз ұшу аппаратының құлауы өңір елдеріне төнуі мүмкін қауіптерді қайтадан күн тәртібіне шығарды.

Қазақстанда күн күрт суытып, аяз -30 градусқа дейін жетеді

Қазақстанның бірнеше өңірінде 10–11 наурыз күндері ауа температурасы күрт төмендейді. Синоптиктердің болжамынша, түнде кей жерлерде минус 30 градусқа дейін суытуы мүмкін.

Қазақстанда әйелдер көп пе, ерлер ме? Ресми статистика жарияланды 

Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты. Ұлттық статистика бюросының соңғы деректері еліміздегі әйелдер мен ерлердің санына қатысты нақты мәліметтерді ұсынды.