«Social project management» қоғамдық қоры жазалы жасөпірімдермен кездесуде болды

Алматы қаласының ҚАЖ Департаменті №11 мекемесінде тәрбие жұмысын нығайтуға байланысты, Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, «Social project management» қоғамдық қорының директоры, жоба жетекшісі Нәлібаев Бейбіттің ұйымдастырумен «Бас бостандығынан айыру орынан шыққан адамдарды әлеуметтік бейімдеуге бағытталған жоба» аясында, психоәлеуметтік тренинг 3-рет психолог мамандармен, қоғамдық қордың жоба үйлестірушісі Сагиндиков Бегзаттың ұйымдастырумен өтті.

Жоба психолог мамандары  «Ішкі мотивацияны көтеруге бағытталған», тақырыбында кәмелет жасқа толмаған  жазалы жасөспірімдермен тренинг өткізді.

Жазалы жасөспірімдерге бостандыққа шыққаннан кейін, алдарына мақсат қойып қоғамда өз орындарын табуына жол көрсетті. Осындай жобалар бас бостандығынан айыру орында отырған адамдарды әлеуметтік бейімдеу мақсатында көптеген көмек көрсетілгенін атап өтті.

Кездесу соңында келген қонақтарға мекеменің САӘПТЖБ бөлімінің психологы әділет капитаны  А.С.Искакова қонақтарға шексіз алғысын білдіріп, болашақта да осындай кездесулер жиі  болатын айтты. Жастарды, әсересе, жасөспірімдерді жаман әдеттерден жирендіру арқылы, қоғамға пайдалы адам ретінде дұрыс тәрбие беру арқылы, қоғамда өз орындарын таба білуіне жол көрсету дейді.

                                                                №11 мекеме  Еркегүл  Жеңісхан

Мектептегі мазмұнды шара

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ел аумағындағы білім ошақтарында салт-санамызды...

Жаңа Конституция ел игілігі үшін

Жаңа Конституция – мемлекеттің даму бағытын айқындайтын маңызды құжат....

Мәулен Әшімбаевтың жаңа мақаласы: Президент Тоқаевтың бағыты Қазақстанға мүмкіндіктер терезесін қалай ашады?

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың «Реформалар мәні-6: Құбылмалы әлемдегі стратегиялық...

Мәулен Әшімбаевтың жаңа мақаласы: Президент Тоқаевтың бағыты Қазақстанға мүмкіндіктер терезесін қалай ашады?

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың «Реформалар мәні-6: Құбылмалы әлемдегі стратегиялық...