Өскемендегі тергеу изоляторының қызметкерлері Мухтар Әуезовтың 125 жылдығы атап өтті

ШҚО бойынша ҚАЖД № 73 мекемесінде Мұхтар Әуезовтың туғанына 125 жыл аталып өтілді. Осыған орай О.Бөкей атындағы қалалық кітапханасының қызметшісі Бақытжан Торғаевты шақырылып, арнайы іс-шара ұйымдастырылды.

Сотталғандарға ұлы жазушының кітаптары таныстырылып, шағын көрме ұйымдастырылды. М. Әуэзовтың мұрағаттарда сақталып қалған бейнежазбалары, көркем сөз шебері туралы деректі фильмдер көрсетілді.

Жазушының шығармашылығынан, өмірінен тың ақпараттар берілді. Жиналғандар біртуар жазушының қайталанбас шығармасы «Абай жолы» роман-эпопеясының жазылу тарихына, қазақ қоғамындағы оқиғалардың өрбуіне, дала тұрмысы мен салт-дәстүрлеріне ерекше қызығушылық білдірді.

Жасақ бастығы әділет капитаны Максұт Айтқали шалыс қадам басып, жазаларын өтеп жүргендер үшін ұлы тұлғаның өмір жолы мен шығармалары, Абайдың нақылдарының тәрбиелік мәні ерекше екенін атап өтті.

Ынтымағы жарасқан ел – еңселі ел” тақырыбында іс-шара өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай №79...

Мерекелік концерт өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Атырау...

Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандар арасында айтыс өтті

Қазақстан халқының дәстүрлері қоғамдық өмірдің маңызды бөлігі болып қала...