Өскемен түрмесінде 11 оқушы аттестат алды

ОВ 156/3 түзеу мекемесінде орналасқан ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№3 Кешкі мектебі»
КММ –нің тоғызыншы және он бірінші сынып бітіруші оқушыларына аттестат табыстау жиыны болды. Аттестат табыстау жиынына ОВ 156/3 мекемесі бастығының орынбасары әділет майоры Жақсыбаев О.Н. және мектеп ұстаздары қатысты. 2021-2022 оқу жылында
9 сыныпты 12-оқушы және 11 сыныпты 17- оқушы аяқтап отыр. 11 сыныпты бітіруші түлектерге мектеп директоры Касымбекова Ж.К. және 11 сыныптың жетекшілері жылы лебіздерін білдірді. Жалпы түзеу мекемелерінде орналасқан Кешкі мектеп, ересек оқушылар үшін мемлекет тарапынан берілген жақсы мүмкіндік. Түзеу мекемесінен босап шыққаннан кейін, жаңа өмір бастауларына бастама деуге де болады. Оны қолдана білу өз қолдарында. Бұл орайда ұстаздар жағынан жан-жақты кеңестер беріледі.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...