Мұны eGov порталы арқылы тексере аласыз. Порталдың негізгі бетінде арнайы сервис бар. Сілтемесі міне: https://egov.kz/services/P6.47/#/declaration/0//
42500.enbek.kz сайтынан да өтінімнің мәртебесін тексеруге болады, қажетті сервисті сайттың алғашқы бетінен табасыз.
Мұндай сервис Homebank мобильді қосымшасында да бар.
Тексеру үшін ЖСН-ыңызды енгізу жеткілікті, ал 42500.enbek.kz сайтында жеке куәлігіңіздің де нөмірін енгізу қажет болады.