12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сіз көлікті дұрыс қыздырып жүрсіз бе? Автосарапшы жауап берді

Суық маусымның басталуымен жүргізушілер қозғалыс алдында қозғалтқышты дұрыс жылыту мәселесіне тап болады. Қыста көлікті жылытудың дұрыс алгоритмін автосарапшы атап өтті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Auto-ға сілтеме жасап.

Қазіргі заманғы автомобильдер бұрынғыдай ұзақ қыздыруды қажет етпейтінін бәрі біледі. Өйткені жаңа заманғы көліктер оларды тез жұмыс жағдайына келтіретін электронды жүйелермен жабдықталған.

«Орнында тұрған көлікті ұзақ қыздыру отын шығынын арттырып қана қоймайды, сонымен қатар жанармайдың толық жанбауына байланысты күйенің пайда болуына әкелуі мүмкін», — дейді автосарапшы Юрий Резнев.

Сарапшы көлікті бір-екі минутқа ғана қыздырып, біркелкі қозғалыстан бастауды ұсынады және қозғалтқышқа күш түсіруден аулақ болуға шақырады. Бұл қозғалтқыштың жұмыс температурасына баппен жетуіне және бөлшектерге түсетін күшті азайтуға мүмкіндік береді.

Дұрыс алгоритмнен басқа, жоғары сапалы майды пайдалану маңызды.

«Қазіргі заманғы мотор майлары қатты аязда да қозғалтқыш бөлшектерін жеткілікті деңгейде майлауды қамтамасыз етеді, бұл автомобильді ұзақ қыздырмай-ақ іске қосуға мүмкіндік береді. Бұл майлар аязға төзімді ғана емес, сонымен қатар жоғарғы температураға да төзімді», — деп қорытындылады сарапшы.

Кейде көлікке бензиннен бөлек, майға шығындалып жатамыз. Осы мотор неге май жейді? Көлік жүргізушілері жиі кездесетін мәселенің себебі мен салдарын жоғарыдағы сілтемеден оқи аласыз.

Астанада бір пәтердегі тұрғындар санына шектеу енгізіледі

Астанада бір пәтерге тіркелетін тұрғындар санына шектеу енгізілуі мүмкін. Тиісті заңнамалық түзетулерді Мәжіліс депутаттары қарастырып жатыр.

Елімізде бес жыл ішінде мұғалімдердің жалақысы қалай өзгерді?

Қазақстанда 8 мыңға жуық орта білім беру ұйымында 400 мыңға жуық педагог жұмыс істейді.

ҚБТУ мемлекетке қайтарылды

Динара Құлыбаеваға қатысы бар Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) мемлекет меншігіне қайтарылды.

Қазақстанда кімдер ақылы жолдармен тегін жүре алады?

Қазақстанда жыл сайын ақылы жолдар саны көбейіп келеді. Алайда барлық жүргізуші жолды пайдаланғаны үшін ақы төлеуге міндетті емес.

ПӘНДЕРДІ БІРІКТІРУ: ҚАЖЕТТІЛІК ПЕ, ҚАТЕЛІК ПЕ?

Бүгінде орта мектептегі білім беруге қатысты қоғамда пікір көп. Əсіресе, кейбір пəндік сабақтарға деген көзқарас, оқу бағдарламасына қатысты сыни сөздер əр жерде айтылады. Қазіргі уақытта Оқу-ағарту министрлігі білім беру жүйесіне өзгеріс жасау үшін бірқатар талқылау жүргізіп жатыр.