Синоптиктер дауылды ескерту жариялады

«Қазгидромет» синоптиктері 2 наурызда бірқатар өңірде қалың тұман мен көктайғақ болатынын айтып, дауылды ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктер Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжап отыр. Оралда да көктайғақ, түнде және таңертең тұман болады.

Оңтүстікте, Қарағанды ​​облысының орталығында – тұман. Облыстың оңтүстік-шығысында – көктайғақ.

Қызылорда облысының орталығында және оңтүстігінде, сонымен бірге Қызылордада тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, түнде және таңертең Ақтөбеде, сонымен қатар Ақмола облысында — тұман.

Нұр-Сұлтанда түнде және таңертең тұман түседі.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында түнде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. 2-3 наурызда облыстың солтүстігінде, таулы аймақтарда көктайғақ, түнде және таңертең тұман түседі.

2-4 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында, таулы аймақтарда жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Таразда 2-3 наурызда түнде және таңертең, сонымен бірге Атырауда – тұман. Атырау облысының солтүстігінде, батысында және орталығында – тұман, көктайғақ.

Бұған дейін синоптиктер 2-4 наурызда Алматыда жаңбыр жауатынын хабарлаған еді.

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....