Синоптиктер: Қазақстанда 3-5 мамыр күн суытып, жауын жауады

Мамырдың 3-5 аралығында Қазақстанның басым бөлігінде күн суытып, жауын жауады, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, ауа температурасы батыста төмендейді, оған әсер ететін солтүстік-батыс антициклоны басқа аумақтарға жылжиды.

«Елдің батысында ауа температурасының төмендеуіне ықпал еткен солтүстік-батыс антициклоны елдің солтүстік- батыс, солтүстік, орталық өңірлеріне қарай ойыса береді. Бұл аймақта термометр бағаны түнде -6 градусқа дейін төмендеп, Қарағанды облысыың оңтүстігінде -10-15 градус, күндіз 7-23 градус жылы болады. Түнде және таң ата тұман түседі.

Қазақстанның оңтүстік жартысында Оңтүстік циклонының ықпалымен жауын жауып, кей жерлерде нөсерлетіп, найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 23-28 метрге жетеді. Обь аумағынан келетін циклонның ықпалымен күн құбылмалы болады», – делінген хабарламада.

Синоптиктер жауын жауып, найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы секундына 15-20 градусқа дейін жететінін айтады.

Жалпы алғанда республиканың басым бөлігінде ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне қарамастан мамыр айының басында күн аздап жылына түседі. Апта соңында температура 13-25 градусқа дейін жылиды. Елдің оңтүстігі мен оңтүстік шығысында ауа температурасында айтарлықтай өзгеріс болмайды.

Патриот, ученый, учитель

(к 99-летию со дня рождения академика Султана Сартаева)  15 октября...

Пуля и Геля спасают жизни 

25 ЛЕТ РУКОВОДИТЕЛЬ КИНОЛОГИЧЕСКОГО ОТДЕЛЕНИЯ ОПЕРАТИВНО-СПАСАТЕЛЬНОГО ОТРЯДА ДЕПАРТАМЕНТА ПО...

Эффект NPC: Как видеоигры меняют сознание убийц

В 2025 ГОДУ В ШКОЛЕ БАНДАРУТАМА (МАЛАЙЗИЯ) 15-ЛЕТНИЙ ПОДРОСТОК...

Правовая модель циркулярной экономики

СЕГОДНЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ ПОЛИТИКА УЖЕ НЕ МОЖЕТ ОГРАНИЧИВАТЬСЯ ВОПРОСАМИ ВЫВОЗА,...

Между сервером и законом

МАСШТАБНЫЙ СБОЙ В РАБОТЕ СЕРВИСОВ «ЯНДЕКСА» И ФАКТЫ УТЕЧКИ...