Сібір елігін атып, ат құйрығына байлаған браконьерлер ұсталды

Алматы облысында сібір елігін атып, ат құйрығына байлап қойған браконьерлер ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

5 наурызында Алматы облысында «Іле-Алатауы» ұлттық паркі инспекторлары сібір елігін атқан браконьерлерді ұстағаны хабарланды.

Түрген филиалының инспекторлары Әшімов, Байтасов, Жылқайдаровтар рейд жүргізген. Барлау кезінде Алматы мемлекеттік табиғи кешенді қорығының аумағында Алматы облысының атқа мінген екі тұрғынынан екі мылтық пен сібір елігі анықталды.

«Бір қызығы браконьерлер атқан олжасын сол қалпы ат құйрығына байлап қойған. Ұстау кезінде құйрығына елік байланған жануар үркіп, елді мекенге қашты. Алдымен браконьерлерді құрықтаған инспекторлар артынша елік байланған атты да ұстады. Инспекторлар құқық бұзушыларды Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасына жеткізді», — делінген хабарламада.

Новые увлечения и первые успехи: чему подростки учатся в досуговых центрах Медеуского района

В Алматы работают 100 досуговых центров, которые регулярно посещают...

Бостандық ауданында тоғызқұмалақтан BOSTAN CUP турнирі өтті

18 қараша күні Алматы қаласының Бостандық ауданында ұлттық зияткерлік...

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені:жетістіктері мен даму мүмкіндіктері

Қазақстан – ауыл шаруашылығы саласын дамытуға зор мүмкіндігі бар...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ПОЛЯК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Абай университетінде Польша тілі мен мәдениеті орталығының салтанатты...