12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға түсу туралы №11 мекеме қызметкерлері мектеп бітіруші 11-сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстар жүргізді

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №11 мекемесі бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары, әділет подполковнигі Марат Берікұлы Махамбетов пен тәрбие және кадр тобының инспекторы әділет аға лейтенанты Құдайберген Саят Ермекұлы және тәрбие және кадр жұмысы тобының кәсіби қызметтік және дене шынықтыру жөніндегі аға инспекторы әділет капитаны Болатова Шарапат Асхатовнамен бірлесіп, Алматы обылысы Іле ауданы Жібек жолы ауылының №2 орта мектебімен және Екпінді ауылыны Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектептің, 11-сынып оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне қарасты Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына оқуға түсу мүмкіндігі туралы түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Ш.Қабылбаев атыныдағы Қостанай академиясында білім алудың мүмкіндіктері, оқу үрдісі мен болашақ мамандыққа дайындау жүйесі жөнінде толық ақпарат берілді. Оқушыларға академияға түсу және оқу бағдарламасы және болашақта қызметке орналасу мүмкіндіктері туралы түсіндіріліп, кездесу соңында мектеп оқушылары өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды. Барлық сұрақтарға №11 мекеменің кездесуге барған қызметкерлері нақты әрі толыққанды жауаптар берілді. Үгіт-насихат жұмыстары болашақ құқық қорғау саласының мамандарын даярлауға қызығушылық танытқан түлектер үшін маңызды қадам болып табылады. Алдағы уақытта Алматы қаласы ҚАЖ департаменті бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырып, жас түлектерге кәсіби бағдар беру ісіне белсенді атсалысатын болады.

11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

2027 жылдың соңына дейін Күршім ауданының барлық ауылдары интернетпен қамтылады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Күршім ауданының тұрғындарымен...

Спорт – стратегический ресурс Казахстана: цифры, факты,реформы

Каждый год в третье воскресенье августа в Казахстане отмечают...

СҚО-да «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «EcoLife: жастардың таңдауы» атты экологиялық интерактиві өтті

Петропавлда Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында белсенді...

Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына орай ауқымды тегін құқықтық көмек акциялары өтті

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай, еліміздің барлық өңірлерінде...

В Казахстане провели масштабные акции бесплатной юридической помощи в честь 30-летия Конституции

В преддверии 30-летия Конституции Республики Казахстан, во всех регионах...