12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Шымкентте мәжіліс депутатына қарсы ақпараттық шабуыл не үшін басталды?

Құрылыс жабдықтарын жымқыруға қатысты Мәжіліс депутатына қатысы бар деп саналатын компаниялар күдікке ілінді.
Шымкентте Мәжіліс депутаты Болатбек Нажметдинұлына қарсы ауқымды кампания жұмысқа кіріскен сыңайлы. Себебі, оның туыстарының атына тіркелген құрылыс фирмалары мұнаралы крандарды, қымбат тоннельдік қалыптарды және басқа да құрылыс жабдықтарын ұрлады деген айып тағылды.
Әріден бастасақ, бұл оқиға былтыр 17 желтоқсанда басталған. Сол кезде шымкенттік журналистер шетелдік инвесторлардың құқықтарының бұзылуы мәселесіне арналған брифингке шақырту алады. Онда адвокаттар әңгіменің ауаны Түркия азаматы Рамазан Шахин жайлы болатынын және құқық қорғау органдары «Эрида» ЖШС-не тиесілі мүлікті үшінші тұлғалардың заңсыз иелену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаудан бас тартып жатқанын атап өтті.

Екі түрік – инвестор мәртебесін алған ба?

Алайда, брифингтің өзінде ұйымдастырушылар журналистерге Түркия азаматы Рамазан Шахиннің жеке басына қатысты сұрақтар қоюға тыйым салды. Алайда, қорғаушы тарап түрік кәсіпкерін шетелдік инвестор ретінде атап өтсе де, оның Қазақстан экономикасына қанша қаржы салғаны туралы сұраққа жауап беруден бас тартқан. Әрине, елге келіп компания ашқан әрбір шетелдік инвестор мәртебесіне ие бола бермейді. Бұл мәртебе тек инвестициялық жобасы Жалпыұлттық пулға енгізілген және инвесторлар тізіліміне енген адамдарға беріледі. Бұл қатарла Рамазан Шахин туралы ешқандай дерек жоқ. Дегенмен, ашық дереккөздерде оның миллиардтаған қарыздары, соның ішінде салық бойынша да берешектері бар екені анық жазылған.
Брифингте Рамазан Шахиннің елде жоқ екендігі белгілі болды. Сол сияқты адвокаттардың нұсқасы бойынша дәл сол уақытта құрылыс жабдықтары ұрланған «Эрида» компаниясының құрылтайшысы және директоры ретінде тіркелген Ай Хакан да жоқ еді. Ал ақша жымқырушылар Мәжіліс депутаты Болатбек Нажметдинұлының туыстарына тіркелген компаниялармен байланысы бар делінді. Сонымен қатар, БАҚ пен блогерлердің парақшаларында мәжілісменнің өз қызметтік лауазымын пайдаланып, сотқа дейінгі тергеуді әдейі созып жатқаны туралы астарлы айыптаулар бар екені бірнеше рет айтылды, жазылды.
Тіпті, депутатқа 2000 жылдардың басында кеден органдарында қызмет етіп жүрген кезінде қылмыстық жауапкершілікке тарту әрекеті болғаны да еске түсірілді. Бірақ сот үкімі амнистияға байланысты күшін жойғаны, жұмыстан шығару туралы бұйрық заңсыз деп танылғаны және соттылығы алынғаны айтылмады.
Айтпақшы, түрлі компаниялардың иелері атанған екі түрік азаматының да жеке тұлғалық өмірі де өте қызық. Мысалы, Рамазан Шахин елге шамамен 20 жыл бұрын келіп, ұзақ жылдар бойы оның есімі жол салумен айналысатын түрік компаниясымен, кейінірек тұрғын үйлер мен өндірістік емес ғимараттар салуға маманданған «Feb Croup» компаниясымен байланысты болды. Міне, осы тұста қызық жағдай туындайды.
Regioninfo.kz сайтының мәліметінше, «Феб Строй» компаниясы «Эрида» ЖШС құрылысты аяқтауы үшін Түркістандағы құрылыс нысанында қымбат тоннельдік қалыпты қалдырған. Сол ресурс мәліметі бойынша, бұл қалыпты кейін «Эриданың» өзінен ұрлап кеткен, ал тергеу іс-шаралары барысында ол қалып депутаттың туысына тіркелген «Dala-construction» ЖШС аумағынан табылған. Дегенмен, тергеу бұл қалыптың нақты «Эрида» компаниясына тиесілі екенін әлі дәлелдеген жоқ.
Мұнаралы крандар мен құрылыс техникасының жоғалғаны туралы арызды Қазақстан азаматы Оксана Браткова жазған. Бірақ ашық деректерге қарағанда, ол компанияның құрылтайшысы да, басшысы да емес.
Бір қызығы, осы оқиғаның барысында тағы бір кейіпкер – Бақтыбай Қалиевтің есімі ұмытыла жаздады. Ашық дереккөздерге сәйкес, ол бірнеше компанияның құрылтайшысы ретінде тіркелген. Алайда, Бақтыбай Қалиев ҚР Бас прокуратурасына арыз жазу арқылы мұнаралы крандардың ұрлануына қатысты тергеу барысында өзінің құқықтары өрескел бұзылғанын мәлімдеген. Ол журналстерге берген сұхбатында осы құрылыс техникасына үлкен қаржы салған нақты адам өзі екенін баса көрсеткен. Тіпті, Қалиевтің алты жыл бұрын «Феб Строй» ЖШС-нің құрылтайшысы болғаны және Қазақстанда құрылыс жүргізуді жоспарлағаны анықталды. Ол серіктес ретінде жеке қаржысы есебінен құрылыс техникасын сатып алуды қаржыландыруы тиіс болған. Нәтижесінде Бақтыбай Қалиев екінші деңгейлі банктер арқылы «Феб Строй» есепшотына 1 млрд 200 млн теңге аударған. Енді ол төлем құжаттарын іске қосуды сұрап және нақты зардап шеккен «Эрида» ЖШС емес, өзі ғана деп есептейді.
«Біз мұнаралы крандар, бетон араластырғыштар, автобетонараластырғыш, қалып жүйелері және басқа да жабдықтар сатып алдық. Мұның бәрі мемлекеттік тапсырыс аясында құрылыс нысандарында қолданылды. Кейін мені күтпеген жерден «Феб Строй» ЖШС құрылтайшылары құрамынан алып тастады да, ал жабдықтар «Эрида» ЖШС-не қайта рәсімделді. Бірақ барлығы менің қаржыма сатып алынған еді. Бірақ тергеу менің уәждерімді елемесе де, мұны тексеру оңай. Екінші деңгейлі банктерден «Феб Строй» ЖШС-не 2020 жылғы сәуірден 2021 жылғы желтоқсанға дейін аударылған қаражат төлемдерінен-ақ көруге болады. Яғни, төлемдердің мақсатын, келісімшарттарды, төлемдердің негізін құрайтын құжаттарды зерделеуге, тіпті, жабдықты әкелу және рәсімдеу бойынша кеден декларацияларын да қарауға болады. Сонымен қатар, «Феб Строй» шотына басқа инвесторлардан ақша түскен-түспегенін де тексерсе, анық көрінеді», – дейді Бақтыбай Қалиев.
Бақтыбай Қалиевтің сөзінше, 2020 жылдан 2022 жылға дейін, яғни екі жыл «Феб Строй» ЖШС-нің құрылтайшысы болған. Бірақ ол компаниядан қалай шығып қалғанын өзі де түсінбей қалған.

«Шарик-Марикке» айналған компания

«Феб Строй» компаниясы 17 жылдан астам бұрын құрылған. Ол тұрғын және өндірістік емес ғимараттар салумен айналысқан және бюджетке 324 млн теңге салық төлеген. Бірақ 2024 жылдың күзіне қарай компания сот шешімімен банкрот деп танылып, есепшоттары мен мүлкіне тыйым салынды. Осылайша, компанияға қатысты оңалту рәсімі бұл рәсімге қатысы жоқ тұлғалардың түрлі мәлімдемелері арқылы туындаған даулармен қатар жүрді. Айтпақшы, оның құрылтайшысы да бір кездері «Эрида» ЖШС-нің де қожайыны болған – Инан Мустафа. Алайда, ол «Феб Строй» компаниясына тиесілі құрылыс жабдықтары ұрланды-мыс деп отыр.
Сондай-ақ, 2017-2019 жылдары бұл компанияның құрылтайшысы тағы бір түрік азаматы – Шахин Рамазан болған. Ол – түрлі құрылыс компанияларын ашуды ұнатумен танымал. Ашық деректерге қарағанда, Рамазан Шахин «ФЕБ GROUP» ЖШС, «FEB GROUPS» ЖШС, «ФЕБ CROUPS» ЖШС, «FEB Turkestan» ЖШС және «ФЕБ CROUP» ЖШС-нің №1 филиалын ашқан.
Рамазан Шахин мен Инан Мустафаның компаниялары арасындағы аффилирленуді олардың әртүрлі компанияларда қаржылық мүдделерінің тоғысуына қарап болжауға болады. Regioninfo.kz порталының дерегінше, «Феб Строй» компаниясы «Эрида» ЖШС-не Түркістандағы құрылыс алаңында қымбат тоннельдік қалып қалдырып кеткен.
20 жыл бұрын инженерлік құрылымдар салу үшін құрылған «Эрида» компаниясына да назар аудармауға болмас. Компания жұмыс істеген жылдары компания 167 млн 253 мың теңге салық төлеген. Бірақ қазіргі кезде компанияның банк шоттары, мүлкі бұғатталған және тіркеу әрекеттеріне тыйым салынған. Себебі, ол сот орындаушылары өндірістерінде борышкер ретінде танылып, 150 млн 716 мың теңге төлеуі тиіс.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті «Эрида» ЖШС-не 2021 және 2022 жылдарға 783 млн 130 мың теңге қосымша салықтар есептеген. Фискалдық органның мәліметінше, компания 331 млн теңге корпоративтік табыс салығын және 232 млн теңге ҚҚС-ты төлемеген. Оған қоса, өсімпұл да қосылған. Апелляциялық сот шешімінен белгілі болғандай, «Эрида» кейбір қарсы агенттермен жалған операциялар жасаған. Сотта салықшылар компанияларда нақты ресурстар, активтер, қызметкерлер болмағанын, ал шот-фактуралар бір күнде рәсімделіп, нақты тауарлар жеткізілмегенін немесе жұмыстар орындалмағанын айтқан.
«Эрида» өкілдері келісімшарттар, шот-фактуралар және өзге де құжаттардың бар екенін айтқанымен, сот мемлекеттік кірістер департаментінің ұстанымын қолдап, операциялар нақты орындалмағанын көрсетті. Сот «Эрида» ЖШС-не қосымша есептелген салықтарды төлеуді міндеттеді. Алайда, компанияның негізгі жеткізушісі «BIRLIK БЕТОН» компаниясы «Эриданың» бұрынғы құрылтайшысымен тікелей байланысты жұмыс істеген. Әлгіндегі Инан Мустафа бұл компанияның да құрылтайшысы болған. «BIRLIK БЕТОН» жалған операциялар жасаған «Алем Концепт» компаниясымен жұмыс істегенін басқа сот шешімі де растайды. Сол шешім бойынша «Алем Концепт» директоры Харас Салих ҚР ҚК 216-бабы бойынша жалған шот-фактуралар бергені үшін кінәлі деп танылып, үш жылға сотталған. Тағы бір сот қаулысында тергеу кезінде Харас Салихтың шекарадан қашып өтпек болып, тор арқылы өрмелеп өтпек болғаны көрсетілген.
Соған қарағанда түрік кәсіпкерлері Инан Мустафа мен Рамазан Шахиннің Шымкенттегі шаруасы мәз емес. ҚР Әділет министрлігінің дерегінше, Рамазан Шахинге қатысты 12 сот орындаушы өндірісі тіркелген. Ашық дереккөзге сәйкес, Түркия азаматы Шахиннен өндірілетін сома 2 млрд 835 млн 537 мың теңгені құрайды. Екі құрылтайшының да бірнеше компанияларының банк шоттарына бұғат қойылған, олар салық және кеден төлемдері бойынша борышкер атанды. Оған қоса, екеуіне де Қазақстаннан шығуға тыйым салынған. Алайда, ҚР Шекара қызметінің мәліметіне сүйенсек, мысалы Рамазан Шахин 2023 жылғы 14 қаңтардан қарашаға дейін бірнеше рет елден шыққан. Содан бері түрік кәсіпкері Шымкенттің табалдырығын аттамаған сияқты. Сондықтан түрік азаматтарының фирмаларынан зардап шеккен компаниялардың адвокаттары бұл жағдайға аң-таң күйде. Себебі, арыздар мен шағымдарға қол қойып, қабылданған. Ал egov дерегі бойынша, бұл тұлға не директор, не құрылтайшы емес. Бұдан бөлек, Шымкент полициясы түрік кәсіпкері Инан Мустафа атынан заңсыз ЭЦҚ алынғанын да анықтаған.
«Шымкент қалалық полиция департаменті 2023 жылғы 8 ақпанда Қазақстан азаматы Қ.Абдраманов сол күні берілген сенімхат негізінде халыққа қызмет көрсету орталығынан «Феб Строй» ЖШС директоры Инан Мустафаның атына ЭЦҚ алғанын анықтады. Белгілі болғандай, Инан Мустафа Қазақстаннан 6 ақпанда елден шығып кеткен. Сонда ол елде болмаса, сенімхатты қалай алуға болады?
Тергеу барысында Абдраманов түрік азаматының атына алынған ЭЦҚ-ны О. Братковаға бергенін айтты. Ол осы оқиғалардың бәрінде негізгі тұлға болған сияқты. Себебі кейін барлық шағымдар мен өтініштер мемлекеттік органдарға оның не үшінші тұлғалардың атынан жолданып, Түркия азаматының ЭЦҚ-сымен қол қойылған. Ресми түрде Браткова компаниялардың заңгері болғанымен, ЭЦҚ-ларды өзі пайдаланып, процестерді өзі басқарған деп есептейміз», – деді Қалиевтің адвокаты Ғалым Таусаров.
Адвокаттың мәліметінше, Шымкент полиция департаменті бұл факті бойынша ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне заңбұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізген.

 «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында...

№11 мекемесінде сотталғандарды кәсіптік даярлау жұмыстары жүргізілді

Алматы қаласы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №11 мекемесінде  Қазақстан Республикасы Президентінің  2023...

Абай  – қазақ руханиятының темірқазығы

Абай Құнанбаев – қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдызы,...

«Байсерке Аспаны – 2025» авиашоуы: басты авиациялық оқиғаға дайындық жалғасуда

20 мамырда Алматыда «Байсерке Аспаны – 2025» авиашоуына дайындыққа...

Алатау ауданында пробациялық бақылаудағы азаматтарға медициналық көмек көрсету шарасы

Алматы каласы Алатау аудандык пробация кызмети бастамасымен, аудандық прокуратурасымен...