Шымкентте Денсаулық сақтау басқармасының басшысы жанжалдан кейін қызметінен кетті

Бақытжан Позилов Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бақытжан Позилов әйелінің сырқатына байланысты қызметінен кеткені белгілі болды. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы әйелінің жағдайы нашарлығына байланысты соңғы бірнеше ай бойы жұмыста болмағанын мойындады.

«Кеше мен жұмыстан кету туралы өтініш жаздым. Оның себебі әйелімнің сырқаттанып қалуы. Бүйрегі ауыстырылды. Айта кетейін, мені қызметке қиын сәтте тағайындады. Мен өзіме берілген тапсырманы барынша аз шығынмен орындадым деп ойлаймын. Пандемия болғанда үш күн ұйықтамаған сәттер де болды. Мен Шымкенттегі медицинаның деңгейін көтердім», — деп бөлісті Бақытжан Позилов.

Айта кетейік, бұған дейін Позилов жанжалдың ортасында қалған еді. Жекеменшік медицина орталығының қызметкерлері алты айдан астам уақыт бойы пандемия үстемеақысын ала алмай жүргенінін айтып, журналистерге шағымданды.

Кейін медициналық сақтандыру қоры олардың емханамен келісімі жоқ екенін, медициналық орталық қызметкерлері төлемді алуы үшін сотқа жүгінуі керек екенін түсіндірді. Сол кезде қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы әр сот отырысына қатысамын, дәрігерлер үстемеақысын алады деп уәде берген болатын.

Бақытжан Позилов жұмыстан шыққаннан кейін де бұл істі соңына дейін апарамын деп сендірді.

«Мен адвокатты өзім жалдап, іспен айналысып жатырмын. Бүгін адвокатпен кездесемін, бұл істі өзім аяқтаймын», — деді Позилов.

Сондай-ақ, Позилов әріптестеріне коронавирус пандемиясы кезінде атқарған жұмысы үшін алғыс айтты.

«Қалағанның бәрін орындай алмағанымызды мойындауым керек, бірақ мақтан ететін нәтижелер бар! Мен барлық әріптесіме COVID-19-бен күресте біріге жұмыс істеп, жанқиярлық көрсеткені үшін алғыс айтамын! Бұл — ортақ жеңісіміз! Бәріне рақмет, кездескенше», — деді қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы.

Позилов 2020 жылдың 2 қазанында Шымкент қаласының бас дәрігері болып тағайындалған. Қалалық денсаулық сақтау басқармасын уақытша кім басқаратыны әзірге белгісіз.

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...