12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Шымкентте қанттың соңынан ұн мен нан өнімдері қымбаттап кеткен

Шымкент тұрғындары қымбатшылық құрсауында қалды. Шекер шарықтағаны сол еді, соңынан ұн, нан өнімдері де қымбаттай бастады, дейді халық. Соңғы бірер апта ішінде ұнның бір келісінің бағасы 50 теңге, нан, нан өнімдерінің бағасы 10 теңгеге дейін артқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Халықтың сұранысына ие 2 келілік қораптағы ұн түрлері осыған дейін 600 теңгеден сатылып келген болса, қазір 100 теңгеге қымбаттап кеткен. 

«Алдымен ұн қымбат бағамен келе бастады. Соңынан нан, кондитерлік өнімдер таситын сауда өкілдері бағаны өсірді. Қазір қала тұрғындары нан жауып жей бастады. Көп қабатты тұрғын үйлерде тұратындар да қаптап ұн алып жатыр. Әсіресе, көп балалы отбасыларға осы тиімді, арзан болып отыр. Алайда тұрғындардың жаппай қаппен ұн ала бастауы сайып келгенде, дефицитке әкеп соғады ма деген қауіп те жоқ емес»- дейді  азық-түлік тауарлары дүкенінінің сатушысы Нұргүл Қалдыбекқызы. 

Ұн, нан өнімдері бағасының көтерілгенін тиісті басқарма өкілдері де жасырмайды. Айтуларынша, ұнның бағасы еліміздің Солтүстік өңірлеріндегі бидай бағасына тәуелді. Жыл басында бидайдың орташа бағасы 100 теңге болса, қазір 140-150 теңгеге жетіпті. 

«Бұл мәселені шешу мақсатында, әкімдік тарапынан екі бағытта шаралар атқарылуда. Біріншіден, жергілікті ұн өндіруші кәсіпорындар «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» арқылы бекітілген бағада қалаға айына 3 000 тонна бидай жеткізіліп, наубайханаларға 1 сұрыпты ұн жеңілдетілген бағада босатылуда. Қаладағы 2 мыңға жуық азық-түлік сауда дүкенінде  әлеуметтік нан 90 теңгеден сатылуда. Екіншіден, өңірлік тұрақтандыру қорының айналым бағыты аясында жергілікті ұн өндіруші кәсіпорындарға айналымға қарыз қаражаттар беріліп, 4 000 тоннаға келісім шаттар түзілген. Бұл өз кезегінде, қала аумағындағы сауда нысандарында бірінші сұрыпты ұнды белгіленген бағада сатуға мүмкіндік береді. «Грамад» және «Магнум» сауда желілерінде 1 сұрыпты ұнның бағасы 170 – 210 теңге/кг құрайды. Үкімет қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбегіне бірінші сұрыпты ұн мен бөлек нан кіретін болғандықтан, біз тек осы тауарлардың бағасын ғана бақылай аламыз», — дейді Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы  Ханиев Жандос. 

Әкімдік өкілінің айтуынша, қазір бірінші кезекте қажетті саналатын тауар түрлерінің дефицитін алдын алуға басымдық беріліп отыр. Бас маман әзірге қала бойынша азық-түлік тауарларының тапшылығы байқалмайды деп сендірді. Тапшылық сезілмегенмен, бүгінгі баға халықтың қалтасына ауыр соғуда. Республикалық рейтингте төмен жалақы алатындардың қатарындағы шымкенттіктерді қазіргі нарық шынында тығырыққа тіреп тұр.

    «Ұлттық ойындар»  авторлық бағдарламасының  берері не?

Мазмұны бойынша барлық халық ойындары балаларға қол жетімді. Олар...

”МИГРАНТ” профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде

02.05.2024 жылы Түрксіб станциясындағы Желілік полиция бөлімі көші-қон қызметі...

Рейдовые мероприятия провели среди сотрудников ДУИС Астаны

Сотрудниками Группы собственной безопасности совместно с сотрудниками Отдела воспитательной...

Строевой смотр проведен среди личного состава ДУИС Астаны

В ДУИС Астаны среди личного состава проведен строевой смотр....

Осужденные Алматинской области отметили День единства

Осужденные, отбывающие наказание в учреждении №14 ДУИС по г.Алматы,...