Шымкент Денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы тағайындалды

Нұрлыбек Асылбеков, Бақытжан Позилов. Фото ашық көздерден алынған

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Нұрлыбек Асылбеков Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шымкент қаласының бас дәрігері лауазымы бір айдан астам уақыт бойы бос болды. 16 сәуірде қалалық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Бақытжан Позиловтың өз еркімен жұмыстан кеткені белгілі болған еді.

Бұл орынға Денсаулық сақтау министрлігінде жұмыс істеген 56 жастағы Нұрлыбек Асылбеков келді.

Нұрлыбек Асылбеков еңбек жолын 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданындағы «Фармация» АҚ-да провизор технолог әрі бас маман болып бастаған. Кейінгі жұмыс орны — Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент басшысы.

Заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы

       Қазіргі заман талабына сай әрбір  азамат өзінің құқықтары...

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...