Маусым сайын жаңа жыл алдында Шымбұлақта биік маусым басталады, оны High Season деп атайды. Ол уақытта курорттың барлық инфрақұрылымына өте көп жүктеме түседі: арқан жолдар, трассалар, мейрамханалар, тұрақтар және курорттық барлық қызметі ол күндері максималды қуатпен жұмыс істейді және қызметтердің барлық күші тәртіпке салынған жұмысқа бағытталады. «Биік маусым» кезеңі қонақтар ағымын азайтып, курорт трассасында жайлы жағдай жасау үшін жыл сайын енгізіліп жатыр. Ол уақытта курортта кезектің көп болуы және арқан жолдар кабиналарына отырғызуды күті уақытының артуы да орын алуы мүмкін.
Арқан жолда кезекке тұрып қалсаңыз, не істеу керек?
- Біріншіден және ең бастысы: «жыланша» қозғалысты сақтаңыз. Ол – отырғызуға келген қонақтар ағымын бақылауға мүмкіндік беретін қызыл қоршау белгілері.
- Арқан жолдан кабиналарына тек 8 адамнан отыруға болатынын естен шығармаңыз.
- Бір-біріңізді сыйлап, кішкентай баласын ертіп жүрген аналар мен әкелерді өткізіп жіберіңіздер.
- Жабдығыңызды қараусыз қалдырмаңыз
- Тауда ауа-райы тез құбылады, күн батқан соң бірден күн суиды, сондықтан жылы киініңіздер.
- Сапарыңызды курорттың максималды толу уақытына дейін үлгеретіндей етіп жоспарлауға тырысыңыз.
Курортқа қашан келген дұрыс? – қысқы демалысқа жоспар құрайық
Таңертең келіп, курорттың толу деңгейі ең жоғарыға жеткенге дейін кетуге кеңес береміз. Графикте курорт толуының шекті деңгейі 2 қаңтар түстен кейінгі уақытта басталып, 19:00-20:00-де басылатынын көруге болады (графикті бірге бекітеміз)
Сапарды жоспарлағанда мына кеңестерге құлақ асыңыздар:
-курортқа таңертең келіңіздер
- 15:00 / 16:00-ге дейін кетуді жоспарлаңыздар
- билетті алдын-ала қосымшадан немесе shymbulak.com сайтынан алып қойыңыздар
- өз кезегіңізді күту жайлы болуы үшін жылы киініп келіңіздер.
Курортқа келуді алдын-ала жоспарлауға тырысыңыздар, билеттерді онлайн-ресурстар арқылы алыңыздар, келуді таңертеңгі уақытқа жоспарлаңыздар, бір-біріңізді сыйлаңыздар, сонда демалыстан жақсы әсер алып кетесіздер.
Жаңа жылдық мерекеде жайлы демалуға болады! Қалай? – төменнен оқы
Жаңа жылда қашан да қарбалас, у-шу болады, көпшілік көшеде жүреді, коньки тебеді немесе тау-шаңғы курорттарына келеді.
Сондықтан жаңа жылдық мерекелер жақсы әсер қалдыруы үшін сіздерге курортқа қалай киініп келу керек екенін айтып, пайдалы ауа-райы ресурстарын бөлісеміз.
Егер сен тау шаңғышысы болсаң, курортқа не киім келуің керек?
-Термокиім: үсті мен асты
-Флис кофта
-Жылы шалбар
-Жылы күрте
-Қалың бәтеңке
-Термо шұлық
-Қолғап
-Бас киім, мойын орағыш немесе баф
-Күннен қорғайтын көзілдірік пен крем
-Ыстық шәй құйылған термос пен күрішке
Жаяу туристтер қалай киінеді?
• Тауда күн тез және жиі құбылады. Жарты сағатта тұман түсіп, лезде суытып кетуі мүмкін, сондықтан қандай киім жылуды ұстап тұруға көмектесетінін айтып береміз.
• Бірінші базалық киім қабаты – термокиім. Оның міндеті ылғалды сіңіру және шығару, жылыту және жылуды ұстап тұру. Термокиіммен сырғанау да жайлы, қыдыру да ыңғайлы.
• Екінші қабат – жылыту. Флискелер мен мамық сырт киім денені салқындатпайды. Флиске мен мамық сыр киімді бөлек те киюге болады, ал егер барынша жылыну керек болса бірге де киюге болады.
• Үшінші қабат – қорғаныс. Мембраналық және желден қорғайтын күрте мен шалбар жаңбырдан, қардан және желден қорғайды.
• Қалың аяқ киім, жылытқышы бар қысқы бәтеңкелердің маңызын да ұмытпаңыздар.
• Бас киім, қалың қолғап, мойын орағыш, термо шұлық – егер кезек күтуге тура келсе, сізге көмектесетін осылар.
Таудағы өзекті ауа-райы болжамын қарауға болатын ресурстармен таныстырамыз.
- Windguru.cz: болжам кесте түрінде көрсетіледі, одан ауа-райы алдағы бірнеше күнде белгіленген жерде қалай өзгеретіні көрінеді.
- yr.no: ауа-райын көрсететін норвегиялық сайт. Болжам, сағаттық, ұзақ уақытқа арналған, статистика, интерактивті ауа-райы картасы.
- RP5.kz сайт алдағы алты тәулікке ауа-райы болжамын және қазіргі ауа-райы туралы ақпаратты қсынады. Болжамжы Ұлыбританияның Мет. Офисі (Met Office) дайындайды және сәйкес лицензия бойынша сайтта жарияланады.
- Shymbulak қосымшасы. Бұл қосымшада ауа-райы туралы ақпарат қана емес, барлық станциядағы камералардың көмегімен қазіргі уақытты көру мүмкіндігі де бар. Курорттағы ауа-райы турады білудің таптырмас құралы.
Осы ресурстардың бәрін пайдаланып, тауға шықпас бұрын ауа-райын ескеруді ұмытпаңыздар!
Трассалардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін курорт не істейді?
Мерекеде курортқа көп адам келеді, сондықтан курорт трассалардағы қауіпсіздік мәселесін басты назарда ұстайды. Бұнда біз курорт осы мақсат аясында не істейтінін айтып береміз.
Қонақтардың қауіпсіздігі — Шымбұлақ курортының басты басымдылығы. Осы маусымда қосымша қауіпсіздік шаралары енгізілді:
- Трассаларға қызмет көрсету және патруль жасау: жиектемелерді орнату және қауіпті аймақтарды белгілеу, трассаларды түнде жарықтандыру. Биыл Комби-1 бойындағы барлық трассада жарықтандыру модернизациясы жүргізілді.
- “Азиада” трассасындағы тастармен күрес: жазда қара топырақ әкелініп, көк шөп төселді және топырақты шайып кетуден қорғайтын өсімдік егілді.
- Көтергіштердегі қауіпсіздік жүйелері: Үздіксіз техникалық қызмет көрсету, апаттық тоқтау жүйелері және қызметкерлерді оқыту.
- Тау беткейлеріндегі патруль мен медициналық көмек: Құтқарушыларды оқыту, трассаларда патруль жасау (штатта 18 адам бар) және бұзушылықтарды жасанды интеллект камералары көмегімен верификациялау.
- Көшкін қауіпсіздігі: қар қалың жауғаннан кейін трассаларды тез ашуға арналған Avalauncher технологиялары.
Қонақтар лимиті аяқталған соң курорт абонементтер мен скипасстар сатуды тоқтатады. Сондықтан билетті онлайн-ресурстар арқылы алуға және таңертең келуге кеңес береміз.
Осы маусымда курорт медиа кеңістікпен де жұмыс істеп жатыр, және қауіпсіздік аясында мына жұмыстар жүргізіліп жатыр:
- қаладағы жалға берушілермен серіктестік (барлығына арналған қауіпсіздік бойынша тегін ағартушылық дәрістер)
- пікір көшбасшыларымен (блогерлермен) тығыз жұмыс – қауіпсіз сырғанауға бағытталған бірлескен ерекше ағартушылық контентті жасақтау.
- блогерлерден тегін мастер-класстар ұйымдастыру
- жаңадан бастаушы сноубордшылар мен шаңғышыларды арқан жолдар кабиналарындағы және курорт станцияларындағы қауіпсіздік ережелері туралы лед-дисплей арқылы ақпарат беру
FIS ережелерін ұстан – жауапты тау шаңғышы бол.
Ал барлық тау шаңғышылары мен сноубордшылардың FIS ережелерін сақтауын өтінеміз.
Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (FIS) Тау беткейіндегі жүріс-тұрыс ережелерін жасады, ондағы мақсат – қысқы спорт түрлері қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ол ережелер дайындық деңгейлеріне қарамастан барлық тау шаңғышылары мен сноубордшыларға арналады.
- Басқаларды сыйлау
Әр шаңғышы немесе сноубордшы басқа адамдардың басын қатерге тікпейтіндей немесе зиян келтірмейтіндей ұстауға міндетті. - Жылдамдық пен сырғанау стилін бақылау
Шаңғышылар мен сноубордшылар өз дағдыларына, трассаның жай-күйіне, ауа-райына және беткейдегі адам санына сай жылдамдықпен сырғанауы керек. - Қозғалыс бағытын таңдау
Жоғарыдан түсуші траекторияны төмендегі шаңғышылар немесе сноубордшылардың қауіпсіздігіне залал келтірмейтіндей етіп таңдауға міндетті. - Айналып өту
Жоғарыдан, төменнен, оң немесе сол жақтан айналып өтуге болады, бірақ басып озатын адамға кедергі келтірмейтін қауіпсіз қашықтықта болу керек. - Трассаға шығу және старт
Қозғалысты бастамас бұрын немесе трассаға шықпас бұрын шаңғышы өзінің әрекеті басқаларға қауіп төндірмейтініне көз жеткізуі керек. - Тау беткейінде тоқтау
Трассаның жіңішке бөліктерінде немесе көрініс нашар жерлерде тоқтамаған жөн. Егер аялдау керек болса, қауіпті жерден мүмкіндігінше тезірек кету керек. - Жаяу көтерілу және түсу
Жаяу көтерілгенде немесе түскенде басқалардың қозғалысына кедергі келтірмеу үшін трассаның тек шетімен қозғалу керек. - Таңбалар мен белгілерді сақтау
Барлық шаңғышылар мен сноубордшылар трасса белгілерін, ескерту белгілерін және қызметкердің нұсқауларын сақтауға міндетті. - Көмек көрсету
Жазатайым оқиға орын алса, кез келген адам тоқтап, жапа шеккен адамға көмек көрсетуге, сондай-ақ құтқару қызметіне хабар беруге міндетті. - Сәйкестендіру
Оқиғаның әр қатысушысы, мейлі ол куәгер немесе кінәлі болса да, құтқару қызметі мен әкімшілік өкілдеріне өзі туралы мәлімет беруге міндетті.
Қосымша ұсыныстар
• Шлем киюге, әсіресе балалардың киюіне кеңес береміз.
• Тау беткейінде алгоколь немесе реакция мен координацияға әсер ететін басқа да заттарды пайдалануға тыйым салынады
• Топпен сырғанау кезінде қауіпсіз қашықтықты сақтаңыздар.
Бұл ережелер FIS жауапкершілік аймағына кіретін барлық курорттарда сақталуы міндетті. Олардың мақсаты – беткейлердегі жарақаттар мен кикілжің жағдайларының санын азайту.
Курорт ережелерін бұзба, нағыз тау шаңғысынан кеңестер
Кез келген сырғанаушы беткейде ереже сақтауы тиіс. Бұнда біз сіздің скипассты не үшін бұғаттай алады, курортта қай жерден көмек алуға болады және егер аяқ асты жабдығыңызды жоғалтып алсаңыз не істеу керек екендігі туралы айтып береміз.
Скиассты не үшін бұғаттайды?
Скипасс – сіздің абонементіңіз толықтырылатын пластик карта, ол тек сізге тиесілі және сіз сырғанау уақытында оны ешкімге бере алмайсыз (егер маусымдық абонементіңіз болса, онымен тек өзіңіз ғана сырғанай аласыз)
Сонымен, бұғаттаудың негізгі себептерін қарастырайық:
- Сноубордты жіберіп қойдың (әр сноуборд сноубордшының аяғына қорғаныс белдігімен бекітілуі керек)
-Агрессивті сырғанау (соның ішінде, басқа шаңғышылар мен сноубордшыларға қауіп төндіретін әрекеттер). Ол тығыз қозғалысты аймақтарда тым жоғары жылдамдықпен жүруден, басқа қатысушылардың траекториясын әдейі немесе байқаусыз бұзудан, сондай-ақ қауіпсіз айналып өту ережелерін елемеуден көрінеді. Басқалардың жолын кесіп өте отырып адам басқаларды ғана емес, өз қауіпсіздігін де қатерге тігеді, өйткені кенет қимылдар соқтығысу мен құлау қаупін арттырады. - Сноубордшы беткейде отыр (беткейде отыруға тыйым салынады, егер шаршасаңыз, трассаның шетіне тоқтаңыз, себебі сізді байқамай, тоқтап үлгере алмай қалуы мүмкін, сіз басқалардың сырғанауына кедергі жасайсыз).
-Скипассты, маусымдық скипассты басқа адамға беру (бір скипассты тек бір адам пайдалана алады, ол бұзылған жағдайда, картаңыз бұғатталады) - Жабық трассаларға шығып кету (құтқарушылар трассаларды түрлі себептермен жауып тастайды, мысалы, ауа-райының нашар болуы, сырғанаушыларға дайындалмаған трасса, трассада арнайы техника жұмыс істеп жатуы мүмкін, көшкін қаупі бар беткей) – жабық трассаларға шыққаныңыз үшін де скипассыңызды бұғаттап тастай алады.
- Трассадағы ескерту белгілерін елемеу: көшкін туралы, шектеу торлары, маркалау және т.б.
Егер курорт қызметкерлері сіздің қиын трассаларда сенімсіз сырғанап бара жатқаныңызды көрсе, жаныңызға барып, сырғанау деңгейіңізді біліп, арқан жолмен төмен түсіп, оқыту трассасына баруыңызды сұрауы мүмкін.
Скипассты бұғаттау – ең соңғы шара, сырғанау жаңадан бастаушыларға да, тәжірибелі райдерлерге де, басқа демалушыларға да қауіпсіз болуы үшін ғана бұл шараға жүгінуге тура келеді.
Беткейде құлап, қатты жарақат алдың, енді Шымбұлақ курортында құтқарушыларды қалай шақыру керек екенін және медпункт қайда екенін білмей тұрсың ба?
Мед пункт «Шымбұлақ» базалық станциясында орналасқан. Ол – сізді арқан жол немесе электрлі көлік көтеретін алғашқы станция. Арқан жолдан түсу аймағынан «Шымбұлақ» қонақ үйінің бағытына қарай, «Сарай-Бар» мейрамханасының жанымен жүру керек. Әрі қарай кресті бар үлкен ту көресіз, сол – мед пункт.
Штаттық мед пункттен бөлек, орта станцияда және Талғар асуында құтқарушылар кезекшілік етеді, олар кез келген сәтте (курорттың жұмыс уақытында) көмекке келуге дайын. Шақыру үшін мына нөмірді теріңіз: +7 727 331 77 77. Жапа шеккен адам туралы мәліметтер мен шамамен орналасқан жерін сипаттап беріңіз (белгілерден бағдар алуға болады). Беткей бойына жоғары қарай шаңғыны немесе сноубордты қойып, жапа шеккен адамды қоршап қоюға тырысыңыз. Адамды өзіңіз қозғамаңыз. Құтқарушыға жарақатты сипаттап беріңіз.