12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Shymbulak және Еуразия курорттары Жасыл хартия қабылдады

Алматыда өтіп жатқан III Еуразиялық тау курорттары альянсының (ЕТКА) фестивалі аясында қатысушылар ЕТКА-ның Жасыл хартиясын қабылдады. Бұл құжат Еуразия кеңістігіндегі тау туризмі индустриясының тұрақты дамуының ортақ қағидаттарын айқындайтын стратегиялық құжат саналады.

Хартия тау экожүйелерін сақтау, климатқа түсетін жүктемені азайту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және экологиялық талаптарға сай басқару тәжірибелерін дамыту бағытында курорттардың ортақ жауапкершілігін бекітеді. Құжат ерікті негізде қабылданады және оған өзге де тау курорттары қосыла алады.

Құжаттың арнайы бөлімінде ашықтық, әріптестік және ұтымдылық қағидаттары қамтылған. Бұл бизнес, мемлекет, жергілікті қауымдастықтар мен ғылыми ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды дамытуды көздейді. Қол қоюшы тараптардың бірлескен бастамаларын ЕТКА-ның тұрақты даму жөніндегі сараптамалық платформасы үйлестіреді.

«Shymbulak үшін Жасыл хартияны қабылдау – соңғы жылдары жүйелі түрде атқарып келе жатқан жұмысымыздың заңды жалғасы. Тау курорты экологиялық тепе-теңдікті сақтамай дами алмайды. Табиғи ландшафтарды қорғау, ресурстарды жауапкершілікпен басқару, климатқа әсерді азайту – саланың ұзақ мерзімді тұрақтылығының негізі», – деді Shymbulak курортының бас директоры Ринат Абдрахманов.

Жасыл хартияға ЕТКА құрамындағы мына курорттар қол қойды: Shymbulak Mountain Resort (Қазақстан), Oi-Qaragai Mountain Resort (Қазақстан), Amirsoy Mountain Resort (Өзбекстан), Rosa Khutor (Ресей), Shahdag Mountain Resort (Әзербайжан), Grandvalira Andorra (Андорра, ЕО).

Еуразиялық тау курорттары альянсы 2023 жылы Еуразиядағы жетекші тау курорттарының бастамасымен құрылды. Альянстың мақсаты – тау туризмі басқару саласындағы күш-жігерді біріктіру, туристік қызмет сапасын арттыру, спорттық әлеуетті дамыту және тұрақты тау туризмінің үздік тәжірибелерін ілгерілету. Альянстың штаб-пәтері Алматы қаласында орналасқан. ЕТКА құрамына Қазақстанның Shymbulak және Oi-Qaragai, Әзербайжанның Shahdag, Өзбекстанның Amirsoy, Ресейдің Rosa Khutor, сондай-ақ Оңтүстік Кореяның Mona Yong Pyong курорттары кіреді. 24 ақпанда Grandvalira Resorts Andorra курорты Альянсқа қосылуға ниеттті екені туралы меморандумға қол қойды.

Shymbulak и курорты Евразии приняли Зеленую хартию

В рамках III Фестиваля Евразийского Альянса горных курортов (ЕАГК)...

Shymbulak и курорты Евразии усиливают международное партнёрство

В Алматы подписан Меморандум о взаимопонимании между Евразийским Альянсом...

Shymbulak және Еуразия курорттары халықаралық әріптестікті нығайтуда

Алматы қаласында Еуразиялық тау курорттары альянсы (ЕТКА) мен Андоррадағы...

Мемлекеттік тіл – Мәңгілік Елдің мәңгілік тілі

Тіл – ұлттың рухани негізі, мәдениетінің көрінісі. Әр халықтың...

Сот ісін жүргізудегі мемлекеттік тіл

Қазақстан – құқықтық мемлекет. Құқық үстемдігі мен әділ сот...