Шығыс Қазақстанда биыл 21 спорттық нысан бой көтермек

Шығыс Қазақстан облысында осы жылы 21 спорттық нысан салынады.

Шығыс Қазақстанда спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл туралы халық алдында есеп берген аймақ басшысы Даниал Ахметов атап өтті.
«Коронавирус пандемиясына қарамастан өңір спортшылары халықаралық және республикалық жарыстарда 2 мыңнан астам медаль иеленді. Жастарды салауатты өмір салтына шақыру мақсатында 6 спорт нысаны, атап айтқанда Аягөз ауданының Ақтоғай кентінде, Жарма ауданының Шар қаласында, Көкпекті ауданының Көкпекті ауылында және Үржар ауданының Мақаншы ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Сондай-ақ Күршім мен Үржар аудандарында жүзу бассейндері салынған», — деді облыс әкімі.
Оның айтуынша, биыл 21 спорт нысаны бой көтереді. Атап айтқанда, бұрынғы тоғыз аудан орталығында балалар спорт мектептері ашылады. Бұдан бөлек, Марқакөл, Катонқарағай, Үлкен Нарын, Самар, Таврия, Бозанбай, Айыртау, Ақсуат, Бородулиха, Қайнар ауылдарында және Серебрянск, Шемонаиха, Аягөз қалаларында 13 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынбақ.

Күршім ауданының Қалжыр ауылы мен Үржар ауданының Қабанбай ауылында екі спорт модулін ашу жоспарланып отыр. 2021 жылы облыс мектептеріндегі спорт секцияларының санын 1268-ге көбейтеміз. Дене шынықтыру мұғалімдері бұл жұмыс үшін үстемақы алатын болады», — деді Даниал Ахметов.

Талғатжан МҰХАМАДИЕВ
Шығыс Қазақстан облысы

“Слово – не воробей…”, а скриншот из чата или сторис в Instagram могут стать поводом для судебного иска

Суды обязывают удалять оскорбительные публикации, опровергать недостоверные сведения и...

Қазақстанды өзгерткен жеті жыл

Қазақстандағы қарапайым жұмыс күнінің таңертеңінде отбасы бірнеше жыл бұрын...

От стабильности к обновлению: Как происходит трансформация Казахстана

Как экономический рост укрепил позиции Казахстана в Центральной Азии Обычным...

ҚАЖ әйелдер колониясының қызметкерлері ауыл тұрғындарын Қарттар күнімен құттықтады

Қарттар күніне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер колониясының...