12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің «Андреа Бочеллидің репертуарындағы әйгілі ариялар мен әндер» атты концерті өтті

Өткен жұма күні (23 қыркүйекте) Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрінің «Андреа Бочеллидің репертуарындағы әйгілі ариялар мен әндер» атты концерті өтті.

Осындай концерт былтырғы жылы Парсы шығанағындағы Дубайдағы отельдердің жанындағы үлкен алаңқайда ашық аспан астында болған. Онда А.Бочеллиді Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі мен оның көркемдік жетекшісі, Әлем артисі, Қазақстанның Халық артисі, Қазақстанның Еңбек Ері Айман Мұсаходжаева сүйемелдеп, «Parus-2021» фестивалінің көрермендерін таңырқатқан…

Бұл концерт сол үрдістің жалғасы болды.

Жалпы, Қазақ мемлекеттік симфониялық оркестрі – Қазақстан Республикасының үздік музыкалық ұжымдарының бірі. Оның құрамында қазіргі заманғы қазақстандық музыкалық өнерді халықаралық аренада насихаттап, камералық музыканың әлемдік дәстүрін жалғастырушы жоғары кәсіби музыканттар, халықаралық байқаулардың лауреаттары еңбек етуде.
Оркестрге ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бақытжан Мұсаходжаева дирижерлік етеді.

Концертке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибігүл Жанұзақ (сопрано), халықаралық байқаулардың лауреаты Артур Ғабдиев (тенор), Қазақ ұлттық өнер университетінің «Вокалдық өнер» кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Кеш бағдарламасында Дж.Бизенің «Кармен» операсына увертюра, Дж.Вердидің «Риголетто» операсынан Мантуя герцогінің ариясы, Дж.Пуччинидің «Тоска» операсынан ария, Дж.Пуччинидің «Джанни Скикки» операсынан ария, Дж.Россинидің «Сорока Воровка» операсының увертюрасы сынды әлемдік музыкалық классиканың үздік туындылары ұсынылды.

«Үй беремін» дегендер бар». Нұрлан имам 7 баласымен мешітте тұратынын айтты

Әлеуметтік желілер арқылы халық арасында кең танылған Нұрлан имам...

«Ағайындылар» Германияда жүлдеге ие болды

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен түсірілген Дархан Төлегеновтің...

Айжұлдыз Адайбекова анасына қажылыққа жолдама сыйлады

Айжұлдыз Адайбекова анасы мен өзінің тәрбиесіне атсалысқан әпкесіне кіші...

Блогер Балхия Балтабайдың тойы ерекше өтті

Кеше Алматыдағы ең танымал мейрамханалардың бірінде танымал блогер, психолог,...

Концертін өткізуге Прагаға ұшып келген Димаш көліктің үстінде отырып қолтаңба таратты

Кеше Прагадағы «Типспорт» аренасының жанына жиналған адам қарасы көп...