12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Карантиннен кейінгі той-бизнес: асабалардың гонорары қандай?

Карантиннен кейінгі той-бизнестің ахуалы қандай? Tengrinews.kz тілшісі осы тақырыпта асабалармен сөйлесіп көрді.

Асаба Айдар Сұлтанмұраттың айтуынша, мейрамханалар ашылып, шектеулер алып тасталғанына байланысты бәрі бұрынғы қалпына келе бастаған.

«Карантин кезінде тойды ерте бастап, ерте бітіруге асығып, үреймен жүргізетін едік. Қазір тапсырыс та көп, тойда қонақ та көп. Халық тойды кәдімгідей сағынып қалған. Карантин кезінде жұрт тойдың қадірін түсінген секілді. Жақсылық болғаны жақсы ғой», — деді Айдар.

Ол той саласында жүргеніне 13 жыл болғанын, сонымен қатар, табыс мөлшері туралы айтты. 

«Айына нақты қанша тойға шығатынымды айта алмаймын. Бірақ бір айда 4-5 күн ғана үйде боламын. Карантинге дейінгі табысымыз жақсы болды, қазір одан да жақсы», — деді ол.

Айдар тапсырыс көбіне Тараз, Алматы облыстарынан, Талдықорғаннан түсетінін жеткізді.

«Алматыда тұрғаннан кейін тапсырыстың көбі осы жерден келеді. Басқа қалаларға да жиі барамыз. Көп тапсырыс Шымкенттен түседі. Бір айда кемінде екі рет шақырту келеді», — деді асаба. 

Сондай-ақ, ол наурызда, жаз бен күзде тапсырыс көлемі артатынын айтты.

Ал асаба Мади Мырзабектің айтуынша, карантин кезіндегіге қарағанда айтарлықтай өзгеріс болмаған.

«Алғашқы кезде той тұрмақ, қарапайым нәрселердің өзіне шектеу болғаны белгілі. Сондықтан басында өте қиын болды. Кейін біртіндеп жеңілдей бастаған кезде халық та той жасады. Сол кезбен салыстырғанда, айтарлықтай айырмашылық жоқ. Ол кезде қонақ санында ғана өзгешелік болды. Өйткені алыс аймақтан келу қиын болды. Карантин кезінде шамамен айына он той болса, қазір де сол шама — сегіз бен он тойдың арасы», — деді Мади.

Ол табыс көлемі бойынша карантинге дейінгі жағдай қалпына келгенін айтты.

«Карантин кезінде арзанға шығуға тура келді. Халықта ақша болмады. Қазір қайта өз қалпына келді», — деді ол.

Асаба сұраныс барлық өңірден келетінін, әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Түркістан, Талдықорғаннан жиі түсетінін айтты. 

«Оңтүстік өңірлерден сұраныс жиі келеді. Жаз бен күзде сұраныс өте көп. Осы кез — кәдімгідей той маусымы. Жұмысымыз қызады», — деді асаба.

Ал гонорар мәселесіне қатысты асаба нақты бір ортақ баға жоқ екенін айтты. Өйткені біреу 5 мың доллар сұрайды, ал біреу 10 мың долларға шығады.

«Бұл жерде мәселе қаншалықты танымал болғаныңа байланысты. Әлеуметтік желілеріңді қалай жүргізесің, халық қаншалықты таниды, соншалықты гонорар қоя аласың. Бұл жағдай әншілерге де қатысты. Жеке өзімнің гонорарым — 300 мың теңге», — деді Мади.

«Үй беремін» дегендер бар». Нұрлан имам 7 баласымен мешітте тұратынын айтты

Әлеуметтік желілер арқылы халық арасында кең танылған Нұрлан имам...

«Ағайындылар» Германияда жүлдеге ие болды

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен түсірілген Дархан Төлегеновтің...

Айжұлдыз Адайбекова анасына қажылыққа жолдама сыйлады

Айжұлдыз Адайбекова анасы мен өзінің тәрбиесіне атсалысқан әпкесіне кіші...

Блогер Балхия Балтабайдың тойы ерекше өтті

Кеше Алматыдағы ең танымал мейрамханалардың бірінде танымал блогер, психолог,...