Шорт-трекші Әділ Ғалиахметов Олимпиада финалында 8-інші келді

Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында шорт-тректен 1500 метрге жүгіруде финалдық жарыстар өтті. Қазақстандық спортшы Әділ Ғалиахметов 8-орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

23 жастағы Ә.Ғалиахметов әлемнің кіл мықтыларымен бір қатарда өнер көрсетіп, 8-орынға табан тіреді.

Аталған қашықтықта Олимпиада чемпионы атағын Оңтүстік Корея өкілі Хван дэ Хон жеңіп алды.

Күміс медальді канадалық Стивен Дюбуа, қола медальді ресейлік Семен Елистратов иеленді.

Айта кетейік, бұл нәтиже қазақстандық Әділ Ғалиахметов үшін үлкен жетістік. Әділ ересектер арасындағы Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысып, бірінші мүмкіндігінде-ақ финалға жолдама алды.


Ролик с юной домбристкой собрал сотни тысяч просмотров

Ролик, в котором 14-летняя Ксения играет на домбре, за...

Қазақ ағартушылығының жарық жұлдызы — Ыбырай Алтынсарин

Қазақ халқының рухани, мәдени және қоғамдық ой-сана тарихында өшпес...

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...