Шомылу кезінде жағажайдағы ұрылардан қалай сақтану керек?

Павлодарлық полицейлер жағажайдағы ұрлықтың қалай алдын алу керектігін айтты,  деп хабарлайды Stan.kz Ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жақында Ертіс өзенінде шомылып жүрген жасөспірімнің жағалауда қараусыз қалған ұялы телефоны ұрланған болатын. Бала суға шомылып шыққан кезде телефонының жоғалғанын байқайды. Қаскүнем сол уақытта жасөспірімнің мүлкін ұрлап үлгерген. 

Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар сирек емес. Ұялы телефондар, әмияндар, зергерлік бұйымдар, сағаттар, қымбат киім және аяқ киім т.б. Бұл демалушылар жағалауда жоғалтатын нәрселердің толық тізімі емес. Жағажайда адамдар көп болған кезде, олардың арасынан қаскүнемді табу қиын болуы мүмкін, – деді полиция бөлімшесіндегілер. 

Сондықтан шомылуға барғанда, жағажайдағы көршілерден сіздің заттарыңызға қарай тұруды сұраңыз. Егер отбасыңызбен болсаңыз, бірі жүзуге кеткенде, екіншілеріңіз заттарды күзетуге қалыңыз. Егер бір өзіңіз болсаңыз, алысқа жүзбеңіз және әрқашан жағаға қарап жүріңіз. Кейде демалушылардың өздері біреудің бейқамдығын пайдаланып, бөтен мүлікті алуға ниеттенуі ғажап емес.

Өзіңізбен бірге қажетті ақшаны алып жүріңіз, жағажайға құнды заттарды: зергерлік бұйымдарды, сағаттарды, камераларды апармаңыз. Ұрлыққа байланысты қиындықтарды болдырмау үшін Павлодар облысының Полиция департаменті барлық демалушыларға жағажайға барған кезде заттарын қараусыз қалдырмауға кеңес береді. Егер ұрлық орын алса, шұғыл түрде полициямен “102” нөмірі бойынша немесе “Police 102” мобильді қосымшасына хабарласыңыз, — делінген хабарламада.

ӘРПК-нің ерекшеліктері

Қазіргі таңда мемлекет пен азамат арасындағы қарым-қатынаста заңдылық пен...

ПРИЗНАНИЕ ГРАЖДАНИНА НЕДЕЕСПОСОБНЫМ

Психическое здоровье близкого человека – это тема, которую в...

ИСПОЛНИТЕЛЬНАЯ НАДПИСЬ: ПОЧЕМУ НЕЛЬЗЯ ОТКЛАДЫВАТЬ ВОЗРАЖЕНИЕ

ГЛАВНАЯ ОШИБКА ПОСЛЕ ПОЛУЧЕНИЯ ИСПОЛНИТЕЛЬНОЙ НАДПИСИ – ОТЛОЖИТЬ ДОКУМЕНТ...

ГИБЕЛЬ ФЕЛЬДШЕРА: ДО РЕШЕНИЯ – ОДИН ШАГ

РАССМОТРЕНИЕ УГОЛОВНОГО ДЕЛА В ОТНОШЕНИИ ПРЕДСЕДАТЕЛЯ ОСИ САУЛЕ ЖУБАНИЯЗОВОЙ...

ТЯЖЕЛЫЕ ВОДЫ СЕДОГО КАСПИЯ

ЭТА КАРТИНА ИЗ ВИДЕО – ОДНА ИЗ САМЫХ ТЯЖЕЛЫХ...